Тәрбие сағатының тақырыбы 1-наурыз алғыс айту күні



бет5/5
Дата19.10.2022
өлшемі319,62 Kb.
#44078
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 наурыз алғыс айту күні Еспентаева К

«Алғыс алған арымас...»
Қазақ халқы қайырымдылықтың қадіріне жете білген халық. Жақсылық жасаған жанға лайықты алғысын айта білген жұрт. Алғыс айтудың бірнеше формалары бар. Қазірде кең тарағаны «рахмет» деп айту. Бұл сөздің түп-төркіні «сізге Алланың рахымы жаусын!» деген тіркес. Уақыт өте келе қысқаша нұсқасы қалыптасқан. Ұлтымыздың бұрынғы мұраларына зер салсақ, көпшілік арасында қайыр қылған жанға «Құдай жарылқасын», «Алла алдыңнан жарылқасын», «Жолыңды ашсын», «Жағың қисамай жамандық көрме» деген сияқты игі тілектерді жаудыратынын көреміз. Сондай-ақ, алғыс алған адамның жаман болмайтындығын білдіретін мынадай мақал-мәтелдер де бар. «Алғыс алған арымас, қарғыс алған жарымас». «Алғыс алған жігіттің аты бәйгеден келеді». «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас». «Баталы құлға бақ қонар».
Рахмет! Жасың ұзақ болсын! Таудай бол! Өренің өссін! Бақытты бол! Білімді бол! Өнерлі бол! Бағың жансын! Мұратыңа жет! Өнерің өрге жүзсін! Азамат бол! Еліңе қорған бол!
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін...
Ал сен тағы неге рахмет айтар едің? Қалыс қалма!

Шаттық шеңбері: Ризашылық
-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.

Ризамын бүгінгі күнге,


Ризамын ата-анама,
Ризамын қасымда бірге жүрген сыныптастарыма,
Ризамын саған!
Ризамын, ризамын!,


Қортындылау:
–Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
Жүректен жүрекке: Біздің тілек

Бізге ашық күн керек


Аспан керек мөп-мөлдір
Қуанышқа тұр бөлеп
Бақытты өмір төккен нұр
Тыныш болып жер беті
Түршікпесін денеміз
Азамат боп ер жетіп
Ағаларға ереміз

Жаңақала мектеп-гимназиясы



Тәрбие сағатының тақырыбы: "1-наурыз - алғыс айту күні"
9"Ә" сынып жетекші: Еспентаева Клара Кумаргалиевна
1 (ілгері) деңгей мұғалімі

Жаңақала, 2016 жыл



Өмірге риза болып, алғыс айт
халық даналығы
Сабақтан көрініс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет