Тәрбие сағатының тақырыбы: «Абай-дана, Абай-дара қазақта!»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Абай шығармашылығын сүйіп оқуға шақыру. Абай өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлықтарын арттыру.
Тәрбие сағатының міндеттері:
Білімділік: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау.
Дамытушылық:тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау және тереңдету. Оқушының дүниетанымын кеңейту, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.