Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақ еліне мың – алғыс!



бет2/2
Дата13.03.2023
өлшемі18,23 Kb.
#73587
1   2
Байланысты:
тәрбие сағатыы

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.


2.Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.
3.Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.
4.Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.
5.Біз қазақ халқының шексіз дарқандығын айтқымыз келеді. Бүгінде бүкіл әлем Қазақстаннан үлгі алуына болады. Өйткені достығы, бірлігі мықты ел қашанда дараланып тұрады. Қазақстан Республикасында тұратын мақтан тұтатын ұлттың бірі - біздер татарлар. Дініміз бөлек болса да, түркі тіліміз бір болғандықтан қазақ тілін үйренуге дайынбыз. Қазақ жеріндегі жақсы тұрмысымыз туралы сырттағы бауырларымыздың аузынан естіп төбем көкке бір елі жетпейді. Жасасын Қазақстан! Баршаңызға мың алғыс!
Жұмбақты шеш!
Шаңырақ – күн,
Уықтары – нұр, шашқан.
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.
Жарқырайды темірқазық жұлдызы,
Жол көрсетіп, алға бас – деп, Қазақстан! (Елтаңба)
2. Ыстық дейді оны оттан,
Патриот оны ұнатқан.
Оңбайды бұл өмірде,
Адам оны жоғалтқан. (Отан)
3. Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,
Әдемі мекен екен, жанға жайлы.
Тентектік істеп қойсаң, әке – шешең,
Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)
4. Егіз қайың,
Бой – бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес – бестен. (Қол)
5. Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты…,
Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер)
4) Сергіту сәті «Біз ризашылық сөздерді айта білеміз бе?» сергіту сәті
Қорытынды

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет