Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мың алғыс саған –Анашым!» Мақсаты : Оқушылардың «сыйластық»



бет3/3
Дата06.09.2022
өлшемі27,01 Kb.
#38540
1   2   3
1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.


2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.


1-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.


2-жүргізуші: 
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін, 
Жинадың сен маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
6. «Сұхбат алу» кезеңі
Жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер. Оқушылар кезек-кезек аналарға сұрақ қояды:
1. Ең алдымен кімге алғыс айтасыз?
2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?
3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?
4.Ана туралы бір шумақ өлең білесіз бе?
5. Өлең айтып бере аласыз ба?
6. Өткен мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?
7. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?
8. «Алғыс айту» мерекесі біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе?
9. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?
10. Барлық аналарға тілегіңіз
1-жүргізуші: 
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 
Хор «Алғыс» әні
Мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді апайға береміз.


2-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

«Арна ауылындағы №11 орта мектеп»


мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Бекітемін:


«Арна а. №11 ОМ»МКМ
директоры Билибаев А.Т

Мың алғыс саған –Анашым!


Сынып 4 «А»
Мұғалім Байдильдаева Г.Ж


2021-2022 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет