Тәрбие сағатының тақырыбы



бет4/5
Дата27.11.2023
өлшемі31,87 Kb.
#130025
1   2   3   4   5
Тақырыпты ашу
«Есіңде болсын»

Үкілі үміт таймасын халқым басыңнан,
Мол бақыт күтем жас ұрпақ сеннен
жасырман.
Басқаны қайдан ұлылық күтем өз басым,
Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан.
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады.Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт.
«Қазір бой жарыстыратын заман емес,ой жарыстыратын заман” Н.Ә.Назарбаев
Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей,еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында.
Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу
міндеті тұр,-деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр.
Жастар-болашаққа апаратын алтын көпір»,- дейді дана халқымыз. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет.Біздің әлеуметтік- экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық – саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі менбелсенділігіне тікелей байланысты.




1001 мақал”

Ұрпағымыз саналы болуы үшін тәрбие де, білім де, адалдықта маңызды дүниелер. Ендеше, осы бағытта әр топқа қойылған мақалдың жалғасын тауып көріңіз.
«Тәрбие» тобына қойылатын мақал-мәтел.

  1. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, 
    (Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.) 

  2. Әдепті бала – арлы бала,( әдепсіз бала – сорлы бала. )

  3. Балапан ұяда не көрсе,
    (Ұшқанда соны алады. )

  4. Ағаштан ағаш сәнін алады, 
    (Адамнан адам тәлім алады.)

  5. Тәрбиелі адам (тағаланған атпен тең.)



«Адал» тобына қойылатын мақалдар.

  1. Адалдық — ардың ісі.(Ауырды көтеру-нардың ісі)

  2. Адалдық жүрген жерде, (адамдық жүреді.)

  3. Ағын су жолын табады, (ақ адам оңын табады)

  4. Арамдықты адалдық жеңеді, (жамандықты адамдық жеңеді)

  5. Ақыл — жас ұланнан,

(Жүйрік — тай құнаннан.)


«Білім» тобына қойылатын мақалдар

  1. Өз білмегеніңді кісіден сұра,(Үлкен жоқ болса кішіден сұра.)

  2. Білім гауһар, бағасы жоқ. (Надандық кесел, дауасы жоқ.)

  3. Ақыл - тозбайтын тон,(Білім – таусылмайтын кен.)

  4. Оқу - білім бұлағы, (Білім - өмір шырағы.)

  5. Білімдіге дүние жарық, (Білімсіздің күні қаріп.)




Топтық жұмыс



“Саналы ұрпақ – жарқын болашақ” жобасы аясында қандай шара ұйымдастырар едіңіз?
Әр топ өз жұмыстарын презентациялайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет