Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы Білім беру ұйымы: тоо «Одарешка» балабақшасы Топ: «Айналайын» мектепалды даярлық тобы Балалардың жасы: 5-6 жас Жоспардың құрылу кезеңі: 31қазан-04 қараша 2022 жыл


Музыка (маманның жоспары бойынша) Математика негіздері



бет14/47
Дата28.11.2023
өлшемі158,1 Kb.
#130884
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
Байланысты:
ноябрь 2022

Музыка
(маманның жоспары бойынша)


Математика негіздері
6 санымен таныстыру,Геометриялық дене-куб туралы білімдерін толықтыру.Жақын орналасқан заттардың арасынан әртүрлі геометриялық пішіндегі заттарды табу және оларды пішініне қарай ажыратуды үйрету.Әртүрлі ұзындықтағы заттардың арасына шамасына қарай қатынас орнату дағдысын бекіту.
Қазақ тілі
Тақырыбы: Байланыстырып сөйлеу:
қарапайым сұрақтар қойып, оларға жай сөйлемдер арқылы жауап беруге үйрету. (аты-жөні, тегі, жасы), отбасы туралы қысқаша әңгімелеуге үйрету.(Бұл менің анам.Анамның аты...... т.б.)

Сауат ашу негіздері
Мақсаты: «н» және «ң» дыбыстарының айтылу және дыбысталуымен таныстыру, жазылымдағы (Н н, Ң ң) әріптерінің ерекшеліктерін көрсету.
Сөздегі «н», «ң» дыбыстарын табу, ұсынылған дыбысқа сөздер құрастыру, сөздегі дыбыстың орнын анықтауға, үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Жазу кезінде парақтың орнын, дұрыс отыру, қолдарын дұрыс қою дағдыларын қалыптастыру.
Тігінен ұзын және көлденең қысқа таяқшалар жазу, қарапайым шектеулер салу дағдыларын бекіту.
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: : «Жолда жүру ережесін сақта»
Мақсаты: Балаларды бағдаршамның түстерінің белгісі арқылы жолдан өте алуға үйрету.

Екінші таңғы ас

Гигиеналық процедуралар: бет жуу дағдыларын үйретуді және жеке сүлгіні қолдануды жалғастыру. Тәуелсіздік таныту. Балаларды кезекшінің міндеттерін өз бетінше және адал орындауға үйрету (ас құралдарын, майлықтарды төсеу) (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары, еңбек дағдылары) (кезекшілік). Балалардың назарын тағамға аудару, балалардың дастархан басында дұрыс тұруын қадағалау, тіке отыру, алаңдамау (қарым-қатынас дағдылары).

Серуенге дайындық

Мақсаты: Балалалардың серуенге деген қызығушылықтарын туғызу, балалармен жеке әңгімелесу. Серуенге ойын құралдарын дайындау. Серуенде балаларды жақсы әрекеттер етуге ынталандыру. Серуен кезінде ұйыымдастырылған еңбек тәрбиесі арқылы еңбек-сүйгіштікке баулу. Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Серуен

Жаңбырды бақылау
Мақсаты: Жаңбырды бақылай отырып,оның бұлттан жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру. Мысалы:жай жаңбыр,өткінші жаңбыр,нөсер жаңбыр.
Еңбек: ағаш түптерін қопсыту
Мақсаты:Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,өздеріне берілген тапсырманы тиянақты орындауын қадағалау.
Билингвальды компонент: күз – осень, жаңбыр - дождь, ағаш – дерево, қызыл – красный, погода - ауа райы, овощи – көкөкністер, фрукты -жемістер, сад - бақ..
"Бос орын" ашық ойыны
Мақсаты: балаларды қарама-қарсы бағытта жылдам жүгіруге үйрету. Реакция жылдамдығын, зейінін дамыту.
Жеке жұмыс
"Кім одан әрі бас тартады?».
Мақсаты: қимылдарды үйлестіруді, лақтыруға күш беру қабілетін дамыту (физикалық, коммуникативтік, танымдық, еңбек дағдылары).

Бұлтты бақылау
Мақсаты:Бұлттың түзілуі мен олардың түрлерін: шарпы,будақ, қабаттыбұлттарды ажырату.
Қимылдық ойын «Соқыр теке»
Жеке жұмыс
Мақсаты: кеңістікте навигацияны жетілдіру тапсырмаларын орындау арқылы жүгіруде жаттығу (жүгіру бағытын өзгерту), секіру (екі аяқпен секіру).
(физикалық, коммуникативтік, танымдық, еңбек дағдылары).

Жылы жаққа қайтқан тырналарды бақылау.
Мақсаты: Күзде тырналардың жылы жаққа кететіндігін, қыс мезгілінде тамақтың тапшылығы, аяздың қаттылығы оларға қиынға соғатындығын түсіндіру.
Еңбек : Құстарға жем сауыт жасау.
Мақсаты: Құстарға қамқорлық қарауға , аяушылық сезімдерін оятуға тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Сап-сары боп келе жатқан ,
Сезді мекен күзді олар .
Қарлығаштар ұшып кетті,
Ұшып кетті тырналар.
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайтып , тілдің грамматикасы дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.
Қимылдық ойын: «Аттамақ»
Балалардың өз бетімен ойнауы:
1. Сазбалшықтан «қала» құрастырайық.
2. «Тәтті тоқаштар» пісірейік
Билингвальды компонент: құс - птица, овощи – көкеністер, фрукты –жемістер, полезный – пайдалы,ойын - игра



Желді бақылау.
Мақсаты: Желдің түрлерімен таныстыру;салқын жел, жылы жел, ұйытқып соққан жел.Желдің күштілігі ауа-райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру .
Еңбек : «Әдемі гүлдер»
Мақсаты: Гүлзардағы гүлдерді суару.Өсімдіктерге қамқор болу, аялау, күту.
Жеке жұмыс: Тақпақ. «Жел »
Мақсаты: Балаларға жел туралы өлең жаттату арқылы тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезіне білуге мүмкіндік туғызу.
Жел улейді у-у-у.
Құйын келіп билейді зу-зу-зу
Қатты-қатты жел соқтыгу-гу-гу,
Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду.
Қимылдық ойын: «Орамал тастау»
Дербес ойындар:
1. «Желмен жарысайық»
2. «Менің әдемі үйім» (құрастыру)
Билингвальды компонент: жел-ветер, гүл-цветы.

Бақылау:
Көшедегі машиналарды бақылау.
Мақсаты: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.Машина адам үшін , уақытын үнемдейтіндігімен түсіндіру.Машинаға қарсы жүгірмеу, көше тәртібін құрыс сақтап жүруге үйрету.
Еңбек : Ағаш түптерін қопсыту, су құю.
Мақсаты: Табиғатты аялай білуге, өсімдіктерге қамқор болуға үйрету.
Жеке жұмыс: « Алтын күз » тақырыбына сурет бойынша әңгімелесу
Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға дағдыландыру; тілдің грамматикалық құралуын одан әрі дамыту және сөздік қоыр молайту.
Қимылдық ойын: «Ұшты-ұшты »
Дербес ойындар:
1. «Тәтті тоқаштар» пісірейік
2. «Мені қуып жет»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет