Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Еңбек : Ағаш бұтақтарын жинау. Мақсаты



бет45/48
Дата28.11.2023
өлшемі3,35 Mb.
#130886
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Еңбек : Ағаш бұтақтарын жинау.
Мақсаты: Балалардың бірлесіп жұмыс жасауға баулу, бастаған істерін аяғына дейін тыңғылықты жасауға үйрету.
Жеке жұмыс: « Менің Отаным » өлеңін жаттату.
Отан – менің ата-анам,
Отан-досым , бауырым.
Отан-өлкем, астанам,
Отан-туған ауылым.
Мақсаты: Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін арттыру.
Ойын: « Қояндар секіреді » .
Мақсаты: Қос аяқпен секіруге үйрету.Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.
Қимылдық ойын: « Қаздар мен бақташы » .
Ойын барысы: Ойыншылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдап алады.Басқа балалар болады.Ортадан бір сызық созылады.Ол-қаздардың үйі болады.Бақташы қаздарды жайып шығады.Олар далада жайылып жүреді.
Бақташы: Қаздар, қаздар!?
Қаздар: га,га,га
Бақташы:тамақ жейсіңдер ме?
Қаздар: иә, иә, иә.
Бақташы: Ендеше ұшыңдар.
Қаздар:жоқ , аш қасқыр бар
Жібермейді ол жолда
Бақташы: тез ұшыңдар қалайда !
Осы кезде қаздар қанаттарын қағып ұшып бақташыға қарай жүгіреді.
Қасқыр ұстағандарын жинап қояды. Екі рет оянғандарында ауысып басқа балаларға кезек береді.
Еркін ойындар.
Тренинг: « Қаздар болып ұшайық » .

Бақылау: Өткінші жаңбырды бақылау.
Мақсаты: Өткінші жаңбыр туралы түсінік беру. Жаңбырдың пайдасы , жаңбыр жауғанына қарап егістікті, бау бақшаны , саяжайдағы көкөніс, жеміс – жидек бәрін қолдан жауындатып суарудың пайдасын ашып түсіндіру.
Еңбек : Ағаш түптерін қопсыту.
Мақсаты: Ағаш түптерін қопсыту арқылы балаларға өсімдіктерге тыңайтқыш заттар топырақ арқылы баратындығын түсіндіру.
Жеке жұмыс: « Еңбекпен ел көгерер,
Жаңбырмен жер көгерер » .
Мақсаты: Мақал үйрету арқылы балаларға өсімдіктерге тыңайтқыш заттар топырақ арқылы баратындығын түсіндіру.
Қимылдық ойын : « Допты қуып жет » .
Балаларды тез жүгіруге үйрету, шапшаңдыққа , ептілікке тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет