Қимыл-қозғалыс ойыны: «Кім жылдам?» ( 5 рет). Төрт бағыттаушыны таңдап, оларға әртүрлі түсті орамал үлестіреді. Төрт тізбекке
бағыттаушылардың (командирлердің) артында тұрады. Белгі бойынша көздерін жұмады. Бағыттаушы педагогтің көрсеткен жеріне барып тұрады да, орамалды көтереді.
Ойыншылар өз бағыттаушыларын іздеп табады да оның артына тізбекке тұрады.
Дене шынықтыру Тақырыбы «Менің үйім» Мақсаты - Допты сапта тұрып кеуде тұсынан алысқа лақтыруға жаттықтыруды
жалғастыру, допты алдыға, жоғары лақтыра білу шеберліктерін (машықтарын) дамыту
Саусақ гимнастикасы: «Менің үйім» «Тау басындағы үйді көріп тұрмын (алақандарыңды қосып, үй жасаңдар), оның айналасы жап-жасыл (қолдарыңмен толқын тәрізді қимылдар жасаңдар).
Мынау – ағаш, мынау – бұталар (ағаш пен бұталарды бейнелеңдер). Мынау – хош иісті гүлдер (алақандарыңмен гүлдің қауызын жасаңдар). Үй қоршаумен қоршалған (ауада саусақтарымен ирек сызықтар сызады).
Аула іші тап-таза (ауаны сипалаңдар), қақпаны ашамыз (қақпаны ашқан тәрізді бейнелейді).
Үйге қарай жүгіреміз (саусақтар «жүгірді»), есікті қағамыз: (жұдырықпен): түк-түк-түк. Есікке кім жақындап келе жатыр? (Алақанға құлақтарын тосады), Біз қонаққа келдік, көп базарлық әкелдік (қолды алдыға созып, бір нәрсе әкеле жатқандай бейнелеңдер)».