Білім беру ұйымы Чапаев негізгі орта мектебі
Мектепалды даярлық сыныбы
Балалардың жасы 5 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 1-апта 10 - 14 қазан 2022-2023 оқу жылы
Күн тәртібі
|
Дүйсенбі
|
Сейсенбі
|
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
Балаларды қабылдау
|
Мұғалімнің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату
|
Үстел үсті, саусақ және т.б.ойындар.
|
Құрылыс ойындары
|
«Мен спортшымын ».Фотосуретте бейнеленген
Суреттерді атау
|
Әңгімелесу. Спортп не үшін керек? әңгімелеп беру
|
Сурет салу. «Футболшы»
|
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру
|
Ата-аналармен әңгіме:
Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру
|
Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.
|
Ата-аналармен әңгіме:
Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.
|
Ата-аналармен әңгіме:
Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.
|
Ата –аналармен әңгіме: «Дұрыс тамақтануға баулу»
|
|
|
|
|
|
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
|
«Сәлемдесу айнасы»
Дене қызуларын мен тазалығын тексеру
Дене шынықтыру шаралары. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау.
|
Сюжетті-рөлдік ойын:
«Қалай тамақтанамыз»
Ірі құрылыс материалдарымен және конструкторлармен ойындар.
|
Ойын– жаттығу: «Жуыну»
Альбомдар,сюжетті картиналар қарастыру,
Ірі құрылыс материалдарымен ойындар.
|
Ойын «Кімнің заттары?» (жақын адамдарының заттарын анықтау);
Суретті кітапшаларды бояу, пазлдар, мозаика және т.б.
|
Сюжеттікойындар:
«Менің күн тәртібім»,
Айболит ертегісінен үзінді оқып беру;
«Айболит кеңесі»үстел үсті театры және т.б.
|
Таңертеңгі жаттығу
|
Таңертеңгілік жаттығулар кешені (қозғалыс белсенділігі, ойын әрекеті). тұру, жүру, жүгіру, жалпы дамыту және тыныс алу жаттығулары
|
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық
|
«Біз бақытты баламыз»
Кел,шеңберге тұрайық,
Қолымызды ұстайық.
Күлімдейік күлейік,
Тату болып жүрейік.
|
«Мен әдепті баламын»
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал,кәнеки бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
|
«Нәр алып»
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Күнге қарап шуақтанып,
Суға қарап нәр алып,
Табиғаттан шабыттанып,
Денсаулықпен ойнап-күліп жүрейік.
|
«Қуан,шаттан!»
Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
|
«Қайырлы таң!»
Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар.
Қайырлы таң!
Достасқан бар
Балалар,
Қайырлы таң!
Жора-жолдас,ұл мен қыз!
|
|
|
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет
|
1 - ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Сауат ашу негіздері
Тақырыбы. «Қатаң дауыссыз дыбыстар»
Мақсаты: - Қатаң дауыссыздарды қайталату арқылы естерінде сақтату.
«Кім көп сөз ойлайды» дидактикалық ойыны
– К дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдар. – Кітап, кілем, кім, кілт, киіз. – Т дыбысынан басталатын сөздерге мысал келтіріңдер. – Таға, тарақ, тау, тиін, темір, тұлпар, тоқ, тоқылдақ, тотықұс, торсық, теңіз, тіс.
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы. Отбасының күзгі еңбегі.
Мақсаты , Тақырып бойынша ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту
Сөйлеу үшін бізге қандай мүшелер көмектеседі? (Балалардың жауаптары тыңдалады).
Иә, тіл, ауыз керек, онсыз түсінісу өте қиын.
Педагог бір баланы тақтаға шығарып, картоп қазып жатқан, алма теріп жатқан, қияр, қызанақ жинап жатқан адамдардың қимыл-қозғалысын келтіреді.
Қалған балалар табады
Бірақ балаларға сөзсіз қимылмен түсіну қиындау болады, сөздің маңыздылығын түсінеді. Міне, қимылмен келтіргенмен толық, еңбек қозғалыстарын аша алмаймыз.
Сондықтан да сөйлеу тілі өте маңызды.
Әңгіме айту үшін сөз керек екен. Сөз дыбыстан құралады. Әңгімелесу арқылы бір- бірімізбен қарым-қатынас жасаймыз.
Ойын: «Сөйлемей көрейікші» (үндемес ойыны ойналады). Педагог: «Орындарыңнан тұрыңдар», – деп ымдайды.
Міне, көрдіңдер ме, сөзсіз өмір сүру өте қиын. Сондықтан да сөйлеу тілі өте маңызды
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |