Математика негіздері
Пішіннің бір формасынан екіншісін қалай жасау керектігі туралы ұғымдарды дамыту. Қима карточкалармен жұмыс.
Нүктелерді, өрнектерді
дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.
Дене шынықтыру
маманының жоспары бойынша
Қазақ тілі
қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, дұрыс айтқызу. Осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
Тіл ұстарту, жаттату.
өс-өс-өс
Ұстаның құралы төс.
Жігіт болып өс.
ұс-ұс-ұс
Аққу парасатты құс
үр-үр Аман-есен жүр
Серуенге дайындық
|
Балалардың дербес қимыл белсенділігін ұйымдастыруда, меңгерген қимыл дағдыларын жетілдіру үшін серуенде өткізілетін орынды жабдықтау, ойын алаңында балалардың жүруіне арналған кедергі жолдар жасау.
Балалардың ретімен киінуін (ауа-райы жағдайына байланысты) бақылау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинауды қалыптастыру (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).
|
Серуен
|
Балабақша ауласында не бар атату, Балалардың бір бірімен әңгемелесуін ұйымдастыру. Өзара қандай ойын ойнайтынын табу, ойын құралдарын келісіп бірге алуына жағдай жасау.
(қарым қатынас, танымдық іс әрекеті)
Наурыз туралы ән жаттау.
(Шығармашылық іс-әрекеті
|
Ауа райын бақылату. Желдің, жаңбырдың бағытын анықтату. Бүгінгі ауа райы туралы пікірлерін тыңдау. Қалай киіну керектігін пысықтау. (қарым қатынас іс әрекеті)
Қағазды түрлі бағытта бүктеу арқылы қызғалдақ гүлін жасату.
(Танымдық, шығармашылық іс-әрекеті)
Қимылды ойын
«Ұшақтар»
Балалардың еркін әрекеті.
|
Ұлттық ойын «Ханталапай», «Орамал тастамақ» және т.б ойындармен танысытыру
|
Достарыңызбен бөлісу: |