Қоршаған ортамен таныстыру
Өзінің болашағына, біліміне, денсаулығына, қызметіне, жетістіктеріне сенімді болуға, қоғамға пайдасын тигізуге баулу. «Менің арманым» тақырыбында балалардың сурет салуын және сол бойынша әңгімелесуді ұйымдастыру.
|
Көркем әдебиет
Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу.Өз бетінші киімдерді таңдап киіп, ертегі құрастырғызу. Білетін ертегіні сахналату.
Музыка
маманының жоспары бойынша
Сауат ашу негіздері
Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз). Алтын сандықтан бір зат таңдап, сол затқа «Сөйлем құра» ойынын ойнату. Тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашықтықты сақтап жазуға мүмкіндік беру.
Сурет салу Мүсіндеу
Жапсыру,құрастыру
Ұжымдық жұмыстарға, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру.
ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән) безендіруді қалыптастыру.
Заттардан қалауы бойынша қиып жапсыру, оларды ою-өрнектермен безендіруді жетілдіру.
Қағаз цилиндрлерден қазақ халқының ұлттық бас киімдерін (тақия, сәукеле, кимешек) құрастыруды дамыту
|
Сауат ашу негіздері
Алтын сандықтан бір зат таңдап, сол затқа сөйлем құра ойынын ойнату. Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз)
тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашықтықты сақтап жазуға мүмкіндік беру.
Дене шынықтыру
маманының жоспары бойынша
Қазақ тілі
Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру.
Суреттерге қарап сөйлем құрап, оларды дауыс интонациясы арқылы бере білуді дамыту.
Математика негіздері
Айлар, жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру, Олардың ретін білу және атау, циферблат бойынша уақытты анықтауды үйрету
Қисық және қиғаш сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.
|