Күзгі ауа райының ерекшеліктерін байқау. Табиғи материалдар жинау. Әр түрлі заттарды лупа арқылы көріп зерттеуін қалыптастыру. (қоршаған ортамен таныстыру)
Жасаған үйшіктерін сынақтан өткізу. Басқа да жануарлар туралы кітаптар қарау. (көркем әдебиет) Балалардың дербес әрекеті, еркін ойындар
Балабақша ауласына күзде отырғызылатын ағаштар мен гүлдерді отырғызу жұмыстарын бақылау, көмектесу.
Балабақша ауласындағы ағаштар мен гүлдерге күтім жасау. (қоршаған ортамен таныстыру)
Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).
Түскіас
Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»
Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту) (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті) Ереже айту. (сөйлеуді дамыту)