Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы



бет18/34
Дата07.11.2022
өлшемі95,04 Kb.
#48024
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Байланысты:
орта топ циклограмма 2022 (1)

Балалардың үйге қайтуы

Отбасылық сурет беріп жіберуін сұрау.

Отбасында қандай ойындар ойнауға болады кеңес беру.

Отбасындағы баланың рөлі туралы сұрау.

Ата әжесінің суреттерін беріп жіберуін өтіну

Іс шарадан алған әсерлерін сұрау.




Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы



Қыркүйек айы 2022жыл 4 апта




Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі
19.09.2022

Сейсенбі
20.09.2022

Сәрсенбі
21.09.2022

Бейсенбі
22.09.2022

Жұма
23.09.2022

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен келуіне жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің толық аты - жөнін атап сәлемдесуді үйрету. Баладан қандай көңіл күймен келгенін сұрап, сәлемдесуді пысықтау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту (сөйлеуді дамыту).



Ата-аналармен әңгімелесу,
кеңес беру

Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу. Күзгі ауа райына байланысты балаларда болатын аурулар туралы ескерту.



Балалардың дербес әрекеті
(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру, үстел үсті ойындары. Дидактикалық ойын:«Ойыншықты тап», «Қуыршақ қонаққа дайындалуда», «Орнын тап»
Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу, кітаптарды қарау, құрастыру материалдарымен ойындары. Табиғат бұрышындағы жануарларға, гүлдерге қызығушылықтарын оятып, іс әрекетке тарту. Балармен жеке жұмыс.

Таңертенгі жаттығу

Қыркүйек айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру.Санитарлық бөлмеге қатармен кіріп, шығу ережелерін пысықтау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)
Өз орнын тауып отыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден шайнауды үйрету. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту, ас қайыру.
Ас болсын тамағың
Өсіп ер жет қалмағың
Орындалсың арманың
Бойға сіңсін жеген тамағың. Аумин (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке
дайындық

Таңғы жиын.
Ерте тұрып күнде мен
Терезені ашамын
-Сәлем!,-деймін күнге мен
Шаттық әнге саламын
-Қайырлы таң апашым!
деймін келіп апама
Қайырлы таң аташым!
деймін келіп атама
Қайырлы таң, достарым!
деймін келіп досыма, осындай жақсы көңіл күйде әр түрлі іс әрекеттер жоспарлайық деп балалармен бірге жоспарларды, мәселелерді талқылау, қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау, ережелер туралы келісу және т. б. (сөйлеуді дамыту)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет