«Тәрбиелік жүйе», «тәрбиелік үдеріс», «тәрбие жұмысы» ұғымдарына берілген анықтамаларды жазу, өз анықтамаңызды беруге талпыну



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі18,55 Kb.
#22867
1   2   3   4
Байланысты:
«Тәрбиелік жүйе», «тәрбиелік үдеріс», «тәрбие жұмысы»

Л.Н. Новикова

  • Л.И.Новикованың анықтауы бойынша «мектептің тәрбие жүйесі» ұғымы кең мағыналы болғандықтан, ол өзінің құрамына мектепке қатысты барлық жүйелік ұғымдарды қамтиды. Атап айтқанда: материалдық, процессуалдық, идеялық.

  • Материалдық – адамдар, ұжымдық құрал-жабдықтармен педагогикалық қатынастардың матералдық қолдаушысы, қорғаушысы.

  • Процессуалдық – тәрбие, оқу-тәрбие процесі, педагогикалық процесс, әрекет.

  • Идеялық компоненттер – ұғымдар, ережелер, тәрбие жүйесінің мақсаты, мазмұны, түрлері, даму кезеңдері, қатысушылардың рөлдік позициялары. Мектептің тәрбие жүйесіқалыптасу барысында бірнеше сатыдан өтеді:

  • I даму кезеңінде –негізгі идеяны қолдайтын мұғалімдердің шығармашылық тобы құрылуы шарт.

  • II даму кезеңінде – ортақ іс-әрекет арқылы мұғалімдер ұжымы мен оқушылар ұжымының бірігуі орын алады.

  • III даму кезеңінде – тәрбие жүйесінің қалыптасуының негізгі көрсеткіші –біртұтас ұжым құрылуы тиіс.

  • Л.И.Новикова мектептің тәрбие жүйесінің тоғыз белгісін айқындаған:

  • Мектептептің «кіші тұжырымдамасының» айқындығы – оның ата-аналардың, мұғалімдердің, оқушылардың қолдауы арқылы қабылдануы.

  • Мектеп өмірінің (оқу, еңбек, ойын-сауық, шығармашылық істер)балаларға қолайлылығы, олардың қызығушылығына сәйкес келуі, бейресми қатынастардың құпталуы.

  • Балалар өмірінде қуанышты оқиғалардың болуы.

  • Мектептің, баланың топтың еркін дамуына шектеу келтіретін«ұйымдастырылмаған аралдың» болуы.

  • Балалардың күнделікті өмірін бейнелейтін «сөйлеп тұрғанқабырғалардың» болуы.

  • Қоршаған ортаның мектепке, мектептің қоршаған ортаға ықпалы.

  • «Ішкі қайшылықтарды» шешу.

  • Мектеп ұжымы мүшелері арасындағы жалпы ізеттілік қарым-қатынастың қалыптасуы.

  • Оқушылар өздерін мектеп ұжымынан ажыратпауы, мектеп ұжымымүшесі екенін толық сезінуі.

Н. Е. Щуркова

  • Н. Е. Щуркова келесі тәрбиелік міндеттерді ұсынады:
    а) тәрбиелеу және дамыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
    ә) ұжымды ұйымдастыру мен дамыту;
    б) оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен қабілеттерінің көрінуі мен баюы үшін жағдай жасау.
    Сынып жетекшілерінің іс-әрекетіне жасалған әлеуметтік талдау нәтижесінде оның міндеттерін төрт топқа бөледі.

  • Бірінші топ — әлеуметтік міндеттер (балаға көмек, оны әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізу, жеке тұлғаның дамуы мен оның даралығының қалыптасуына тиімді жағдай жасауда жанұямен және тәрбие институттарымен әрекеттестік).

  • Екінші топ — диагностикалық міндеттер (сыныппен жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оқушының жеке тұлғасы мен ұжымның даму диагностикасы).

  • Үшінші топ — адамгершілік міндеттер (баланың бойында қайрымдылық критерилерін қалыптастыру, баланы адамгершілікке бейімдеу жағдайына қою).

  • Төртінші топ — даралық-тәжірибелік сипаттағы міндеттер (оқушылармен жұмыстың нәтижелі педагогикалық тәсілдерін таңдау, өз жұмысын жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен түзету, рефлексия педагогикасы).
    Педагогтардың, зерттеушілер мен мұғалімдердің оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесін ұйымдастыру үшін маңызды міңдеттерді бөліп қарау. Өйткені оқушы өмірінің барлық жақтарын сынып жетекшісі мен мектептің тәрбие жұмысы ықпалымен аяқталмайды. 

Ең маңызды міндеттер:

1. Денсаулық пен салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

2. Баладағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

3. Оқушыда адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру.



4. Баланың бойына біткен қабілетілігі мен мақсат-мүдделерін жаңаша дамыту.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет