Тәрбиелік жүйенің құрылымы мен қағидалары
Тәрбиелік жүйе – 1) тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс-қимылдары үдерісінде туындайтын (мақсаттар, субъектілер, олардың қызметі, пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база) және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар мен оның психологиялық жағдайы (Л.И.Новикова) қамтылған тұтас әлеуметтік организм; 2) өзінің басты қызметі – тәрбиеге қатысты ретке келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе. Тәрбиелік жүйенің күрделі құрылымы бар және білім беру саласында білім беру мазмұнының, үдерістің, оны ұйымдастырудың әдістері мен формаларының мақсаттары арқылы сипатталатын тәрбие жұмысының жүйесін, өзара байланысты іс-шаралардың жүйесі ретінде (іс, акция) қойылған бірдей мақсаттар мен дидактикалық жүйені қабыстыру қамтылған. 3) уақыт пен кеңістікте дамыған өзара байланысты компоненттер кешенінің бастапқы тұжырымдамасы ( іске асыру үшін жасалған идеялар жиынтығы). Олардың құрамына:
-тұжырымдаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қызметтің сан алуан түрлері;
- іс-әрекет субъектісі оны ұйымдастырушы және оған қатысушылар;
- субъектілерді жалпылыққа кіріктіретін қарым-қатынас;
- субъектілер меңгерген орта;
- барлық компонентер жүйесін кіріктіруді тұтас қамтамасыз ететін басқару.
Достарыңызбен бөлісу: |