И.П.Иванов, Л.Н. Новикова, Н.Е.Щуркованың тәрбиелік жүйелері
И.П.Иванов
Ұжымдық шығармашылық жұмыс технологиясы
Ұжымдық шығармашылық тәрбие технологиясын (басқаша атаулары: жалпы қамқорлық педагогикасы, коммунарлық педагогика, ұжымдық шығармашылық жұмыстар әдісі) И.П.Иванов және оның серіктері әзірледі және енгізді. Шығармашылық тәрбиені ұйымдастыру – бұл ұжымның барлық практикалық жұмыстар, қарым-қатынас, қатынас және барлық бастамаларды өздігімен ұйымдастыру тәсілдерін қамтитын белгілі бір өмір сүру әрекетін ұйымдастыруы.
Ұжымдық шығармашылық жұмыс – ҰШЖ – ұжымдық ізденіс, жоспарлау және қойған мақсатты шығармашылықпен іске асыру. Ұжымдық – бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жолдастық, тұлға аралық қатынасын білдіреді. Шығармашылық – бұл істі белгілі бір үлгі бойынша емес, жаңаша, бұрынғыдан да жақсы жасауды білдіреді. Жұмыс – бұл оның нәтижесі, ортақ пайда және қуаныш дегенді білдіреді.