Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. Жетілген адады тәрбиелеу. Құрсақ және бесік тәрбиесінің ерекшеліктері

Дата15.12.2023
өлшемі6,41 Mb.
#138476
Байланысты:
ЭТНОПЕД

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. Жетілген адады тәрбиелеу. Құрсақ және бесік тәрбиесінің ерекшеліктері

Тәрбие

Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

Құрсақ және бесік тәрбиесінің ерекшеліктері

Баланы анасының құрсағында жатқанда-ақ тәрбиелеу керек деген қағида қазір кеңінен таралып кетті. Мұны біреулер құптаса, біреулер жоққа шығарады. Әлі дүниеге келмеген бөбекпен сөйлесуге, оны тәрбиелеуге бола ма, оны қалай дұрыс жасаған дұрыс, соған үңіліп көрейікші.

Егер құрсақтағы балаңыздың интеллектін, ақылын, дарынын туылмай жатып дамытам деп ойласаңыз, қателесесіз. Ондай ойдың бәрін бастан шығарыңыз. Ол мүмкін емес. Сіз бұл мерзімде тек баланың эмоциялық сезімталдығын ғана арттыра аласыз. Яғни сезім мүшелерін жаттықтырасыз.

Егер құрсақтағы бала айтқан сөздерді түсінеді десеңіз, оның мүмкіндіктерін асыра бағалап жібергеніңіз. Ол не айтып жатқаныңызды түсіну үшін, алдымен сөз мағынасын біліп алу керек (өзіңізді аудармашысыз өзгетілді адамдардың арасында елестетіп көріңіз). Сондықтан іштегі балаңыз сіз оқып берген «Мақта қыз туралы ертегінің» сюжетін түсінеді деп ойламаңыз: ол мақтаның не екенін, қыздың кім екенін білмейді, түсінбейді. Алайда бала сіз ертегі оқып жатқандағы, сөйлегендегі дауыс ырғағын, құбылмалылығын, интонацияны сезінеді, діріл деңгейінде сезеді. Ол діріл жағымды болса, бала рахаттанады.

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет