Тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде түсіну мынадай фактілерді саналы меңгеруді қажет етеді:
Тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде түсіну мынадай фактілерді саналы меңгеруді қажет етеді:
- Тәрбие – әлеуметтік тәжірибені мақсатты меңгеру және дамыту үдерісі;
- Тәрбие адамның қоғамдағы өмірін қамтамасыз етеді;
- Тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа беру үшін ересектер мен балалардың саналы қарым-қатынасы жүреді;
- Тәрбиенің негізгі өлшемі – тұлға дамуының өмір талаптарына сәйкес келуі.
Тәрбиенің басты қызметі – баланы іс-әрекетке тарту, оларға түрлі әрекеттерді жасата отырып, жинақталған адамзат тәрбиесін жаңғырту барысында өзінің қабілеттерін дамыту жағдайларын жасау болып табылады. Демек, тәрбие үдерісінің мәні адамзаттың жинақталған тәжірибесін меңгерту мсақсатында тұлғаны түрлі іс-әрекетке қатыстыру болып табылады.
Тәрбиенің міндеттері:
- Тұлғаның таланты, ақыл-ой қабілеттіктері мен денелік дамуына
толық жағдай жасау;
- Адам құқы және оның еркіне деген құрметті тәрбиелеу;
- Баланың ата-анасына, мәдени ерекшелігіне, тіліне, өмір сүріп
отырған елдің құндылықтарына құрметті дәлелдеу;
- Баланы бейбітшілікті түсіну, шыдамдылық, достық және халықтар
арасында өзара түсінісу бар ерікті қоғамдағы саналы өмір сүруге дайындау;