9
Тұлғалық-бағдарлы көзқарас – өзара байланысты түсініктер,
іс-әрекет
идеялары мен тәсілдер жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі
жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру процесін қолдау,
оның дербестігін
дамыту.
Қызметтік көзқарас – педагог өз тәрбиеленушілерін мақсат қою және
іс-әрекетін жоспарлау, оны ұйымдастыру және реттеу, бақылау, өзіндік
талдау және іс-әрекет нәтижелерін бағалауға үйретуі үшін қажет баланың іс-
әрекетін
қалыптастыру, таным, еңбек және қарым-қатынас субъектісі
позициясына ауыстыру бойынша арнайы жұмысты талап етеді.
Құзыреттілік көзқарас – тәрбие мақсаттарын анықтаудың,
тәрбие
процесін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың, оқушыларда
құзыреттіліктерді қалыптастыру мен олардың табысты әлеуметтенуін
қамтамасыз ететін ортақ ұстанымдар жиынтығын ескеру.
Әлеуметтік көзқарас – тұлғаның мақсаты мен міндеттеріне әлеуметтік
шынайылықтың
ықпалын ескеру, осы ықпалдың адам және қоғамға тигізер
педагогикалық салдарлары.
Жүйелілікті көзқарас – нысанды оны құрайтын бөліктердің
жиынтығына қосылмайтын және иерархиялық құрылымы бар күрделі
құрылыс ретінде қарастыруды көздейді. Жүйелі
қарастыру құрылымдық
компоненттерді, олардың қызметін бөліп көрсетуді, қызметтік-иерархиялық
байланыстар орнатуды, жүйеқұраушы
факторларды анықтауды, сыртқы
байланыстар талдауын қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: