Ал енді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін. Сайыс 6 кезеңнен тұрады: 1.«Менің командам». Әр команда өз команда мүшелерін таныстырып, мінездеме беріп шығады.
«Ертегі сахналау»
Логикалық сұрақтар
Тәрбиеші мамандығына байланысты сұрақтар
«Суреттен танып, біл!»
«Мен суретшімін» Топтық жұмыс
«Шатасқан әріптер»
Барлық кезеңдегі жауаптарға команданың капитаны алдарыңыздағы қызыл белгіні көтеріп жауап беріңіздер. Оны көтермей жауап берілсе ұпай болып саналмайды. 1.«Менің командам». Нұсқау: Әр команда өз команда мүшелерін таныстыру арқылы мінездеме беріп шығады.
Әділ – қазы алқасы ұпай санын береді. «Ертегі сахналау»
Нұсқау: Берілген карточкадан бір – біреуден таңдап алып, сол карточкада берілген ертегі желісі бойынша берілген көрнекіліктер арқылы ертегіні сахналап шығу.
Әділ – қазы алқасы ұпай санын береді. Логикалық сұрақтар
*Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен
тұрса қанша кг?
(3 кг)
*Қай айда 28 күн бар?
(Барлық айда)
*Мені ешкім түсінбейді, неге?
(Өйткені ол ешкі ғой)
*Лимонның жартысы неге ұқсайды?
(Екінші жартысына)
*Король кімнің алдында тәжін шешеді?
(Шаштараздың)
*Аяқкіим жөндеушілердің ең жақсы
көретін клиенті?
(Қырықаяқ)
*Құлақ не үшін керек?
(Көзілдірікті ұстап тұру үшін)
*Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк
машинаны бір қолымен кім тоқтата
алады?
(Жол полициясы)
*Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі?
(Ұзынағашта)
*Бір бөлмеде 9 свеча жанып тұр, үшеуін
сөндірсек қаншауы қалады?
Үшеуі қалады, қалғандары жанып,
таусылып жоқ болады
*Елімізде талдармен жасалған қорған қай
қалада?
(Талдықорғанда)
*Есікті ашу үшін не қажет?
(Есіктің жабық болуы қажет)
*Жеген сайын жылататын нәрсе?
(Таяқ)
*Алма жегенде ішінен құрт көруден де
жаман не болуы мүмкін?
(Құрттың жартысын көру)
*Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? Ауылға бір ғана мотоцикл бара жатыр.
Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жоғарықарай.
Әділ – қазы алқасы ұпай санын береді.