«Тәрбиеші мейірімді жүрек» Жоспары: І. Ашылу салтанаты ІІ



бет1/4
Дата02.12.2023
өлшемі22,09 Kb.
#132297
  1   2   3   4
Байланысты:
Балабақша тәрбиешілер сайысы сценарийі


Тақырыбы: «Тәрбиеші мейірімді жүрек»
Жоспары:
І. Ашылу салтанаты
ІІ. Жүргізушінің құттықтау сөзі
ІІІ. Сайыстың өтуі
ІҮ. Марапаттау, номинациялар беру
Ү. Қорытынды

Мақсаты: Тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, педагогикалық жағдайларды шешу. Ұжымда ауызбіршілікті нығайтуға бағытталған. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Шарты:

  1. Топтың атын таныстыру, ұраны

  2. Шебер қолдар ( қолдан жасалған бұйым)

  3. «Тапқырлық танытыңыз» (жағдаяттар қою)

  4. Мақал-мәтел (жалғасын табу)

  5. Тәрбиеші-әртіс («Бауырсақ» ертегісін сахналау)

  6. Үй шаруасы сайысы (Дастархан мәзірі)


Жүргізуші: - Құрметті әріптестер, ұжымдастар! Бүгінгі «Тәрбиеші мейірімді жүрек» сайысына қош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын ясли-бақша меңгерушісі Ақкенже Уалиханқызына сөз кезегін ұсынамыз!
Жүргізуші: - Бүгін бізде үлкен мереке! Қазіргі қоғам жастардың бойына адами құндылықтары сүйіспеншілік, мейрімділік, әділдікті сіңіріп тәрбиелеуді көздейді. Рухани тәрбие балалық шақтан бастау алып, адам өмірінің әр кезеңінде дами отырып нәтижесінде дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге өріс алады. Ал осы құндылыққа жол ашатын – тәрбиеші, яғни педагог. Тәрбиеші тәрбие ғана беріп қоймай, Абай атамыз айтқандай
«Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан»,- дегендей болашақтың бақыт жасын салады. Мұндай ізденіс - бүгінгі таңда біздің тәрбиешілеріміздің бойында ұшаң теңіз.

Тәрбиеші...
Осы сөзде қаншама ұлылық бар
Жүрегінде маздаған жылылық бар
Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым
Ұстаздығы сан сырды ұғынып қал.
Журекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты тәрбиешіге шын көңілден
Жолдаймыз сәттілік пен сәлем бүгін,- дей келе «Индиго» тобы мен «Сүмбіле» тобына қол соғып қошеметтеп қояйық. «Индиго» тобының топ басшысы - Қартбаева Гүлдана, «Сүмбіле» тобының топ басшысы - Сәрсенбаева Жаухар.Топ мүшелері дайын болса, сайысымызды бастайық. Сайысымызды бастамас бұрын, сайыс шарттарымен таныс болыңыздар:


  1. Топтың атын таныстыру, ұраны

  2. Шебер қолдар

  3. «Тапқырлық танытыңыз»

  4. Мақал-мәтел

  5. Тәрбиеші-әртіс

  6. Үй шаруасы сайысы


Ендеше сайысқа әділ төрелік ететін әділқазы төрайымы мен мүшелерін таныстырып өтейін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет