Бағдарламаның өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050; Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында көрсетілген Қазақстан тарихына енетін 10 креативті идеяның ең бастысы-патриотизмді қалыптастыруға бағытталған. Оқушыларды өзінің кіші Отанын сүюге тәрбиелеу арқылы патриоттыққа тәрбиелеуге болады. Олар өзін патриот сезінуі үшін туған өлкені сүйіп қана қоймай тарихын терең игеріп онымен мақтана білуі керек.Тек білім ғана туған қаламыз бен өлкемізге деген махаббатымызды танытады, оның салт-дәстүрін сақтауға және әдет-ғұрпын дамытуға рұқсат етеді.