Эккринді тері безі Апокринді тері бездері Май бездері Май безі қызметі
Себоциттер витамин D3 синтезіне қатысады.
Май бездері эмбрионалды дамудың 13-15 аптасында қалыптасады. Белсенділігі жыныстық даму кезінде күшейеді. 40 жастан соң жастық өзгерістер анқы байқалып, бездер қартая бастайды.
Шаш
Шаш тері үстінде орналасқан негізінен және терең дермада орналасқан түбірден тұрады.
Шаш түбірінің ең тереңде орналасқан бөлігі пиязшық деп аталады, ол шаш өсуін қамтамасыз етіледі.
Түбірі және пиязшығы цилиндр формалы шаш фолликуласы ішінде орналасады, ол тері беткейіне ашылады. Сонымен қатар фолликулаға тері бездерінің өзектері ашылады.
Шаш пиязшығы тез бөлінетін және пигменті көп жасушалардан тұрады.
Шаш түбірі анатомиялық 3 бөліктен тұрады:
орталық (ұзын шаш негізінде): пигмент пен мүйізделген жасушалардан
Қыртысты зат: шаштың негізін құрайды, пигментті мүйізді элементтерден тұрады.
Кутикула: бір біріне қабаттасып орналасқан, 10 қабат мүйізделген жасушалардан тұрады.
Шаштың құрылысы 1. эпителиальды жасушалардан тұратын шаш пиязшығы. 2. Шаш түбірі 3. Негізгі бөлігі Шаш қабаты: 5. Кутикула 6. Шаштың қыртысты затты 7. Шаштың милы затты Фолликула: 8. Эпителиальды қынап (ішкі) 9. Эпителиальды қынап (сыртқы) 10. Шаш қапшығы 11. Шаш емізікшесі және қан тамырлары Қосымша құрылымдар: 12. Тері безі 13. Шаш көтеретін бұлшық ет.
Анаген (өсу фазасы) – активті өсу кезеңі. Кератин бөлінеді. Бұл кезең 2-5 жылға созылады. Алдымен шаш талшығы пайда болады, кейін ол жуандап, пигменттеледі. Катаген (фолликула деградация фазасы)- активті өсу мен тыныштық кезеңінің арасы. Шаш пиязшығы шаш емізікшесінен алшақтап, қоректенуі бұзылады, өсуі тоқтайды. Бірнеше аптаға созылады. Телоген ( тыныштық фазасы)- түбірінен алшақтап, тері бетіне қарай жылжиды. 2- 4 айға созылады.