Шыққан тегі, құрылымы және организмдегі атқаратын қызметі бір-бірімен байланысты жасушалар жүйесі



бет1/6
Дата29.04.2023
өлшемі0,74 Mb.
#88370
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ұлпа. бүйрек



Ұлпа - (грек. hіstos; лат. textum) — өсімдіктердің шыққан тегі, құрылымы және организмдегі атқаратын қызметі бір-бірімен байланысты жасушалар жүйесі.
Ұлпаны атқаратын қызметіне, шыққан тегіне, морфологиясына, т.б. қасиеттеріне байланысты бірнеше топқа бөледі. Егер Ұлпа біркелкі жасушалардан құралған болса, оны жай (колленхима), ал бірнеше жасушалардан тұрса — күрделі (эпидерма) деп жіктейді. Негізгі Ұлпалар атқаратын қызметіне байланысты ассимиляция, сіңіргіш, қорлық заттар жинаушы, ауа ұстағыш болып ажыратылады.
Адам ағзасы басқа тірі ағзалар сияқты жасушалардан құралатындығы сендерге белгілі болды. Жасушалар адам денесінде ретсіз орналаспай, бір-бірімен жасушааралық зат арқылы байланысып топтанады. Ұлпа – шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы. Ұлпалар 4 топқа бөлінеді: эпителий, дәнекер, бұлшықет және жүйке ұлпалары.
1. Эпителий ұлпасы (грекше «epі» – үстіңгі, беткі) жабын (тері жабыны) ұлпа мүшелердің сыртқы жағын жауып, ішкі мүшелерді (асқазан, ішектер, несепағар, мұрын


3-сурет. Эпителий ұлпалары

а) жалпақ эпителий;
ә) кірпікшелі эпителий;
б) безді эпителий

қуысы, ішкі секреция бездері және т. б.) астарлап жатады (3-сурет). Жасушалары бір-бірімен өте тығыз жанасқан мұндай орналасудың қорғаныштық қызмет атқаруда мәні зор. Жасушаларының пішіндері – жалпақ, төрт бұрышты, цилиндр және т. б.
Эпителий ұлпасы құрылысына қарай бір қабатты, көп қабатты болады. Егер жасушалары бірнеше қабат түзіп орналасса – көп қабатты деп аталады. Мысалы, терінің сыртқы қабатының жасушалары көп қабатты болғандықтан, қасаңданып түлеп түседі. Оның орнын терең қабатындағы жасушалар толықтырады.
Жасушаларының пішіні мен атқаратын қызметіне қарай эпителий ұлпалары 6 топқа бөлінеді:
1) жалпақ эпителий (көп қабатты) жасушалары көп қырлы, терінің үстіңгі қабаты мен ауыз қуысы, өңештің ішкі жағын астарлайды (3, а-сурет);
2) текшелі (кубический) эпителий бүйректің өзекшелерін іш жағынан астарлап тұрады;
3) бағана тәрізді эпителийдің жасушалары ұзынша, асқазан мен ішектердің ішкі қабатында орналасқан;
4) кірпікшелі эпителий бағана тәрізді жасушаларының бетінде цитоплазмадан түзілген кірпікше тәрізді өсінділері болады (3, ә-сурет).
Әсіресе тыныс жолдарындағы кірпікшелі эпителийлер шаң-тозаң бөлшектерін және т. б. бөгде заттарды ұстап қалады;
5) сезгіш эпителий (3, б-сурет) тітіркенуді қабылдайды, иіс сезу эпителийлері мұрын қуысында орналасқан;
6) безді эпителий жасушалары сүт, тер, жас, сілекей, құлық бөледі, жасушаларының пішіндері бағана және төрт бұрышты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет