«Тері, мех, бағалы аң шикізатының технологиясы мен тауартануы»



бет7/7
Дата31.12.2021
өлшемі135 Kb.
#23143
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
«Аңшы ит шаруашылығы»
Иттердің пайда болуы. Ит өсірушіліктің даму тарихы

Иттердің пайда болу тегі туралы ғылыми түсінік эволюциясы. Иттердің монофилитакалық пайда болуының қазіргі теориясы. Қасқырлар мен иттерді будандастыра жүргізілген зерттеулер (БААҒЗИ). Иттерді қолға үйрету тарихы. Иттердің қазып алынған түрлері. Ішкі түр өзгергіштігі мен түқымдардың әртүрлілігі. Аңшы ит өсіруді дамыту жолдары.

Ит-жыртқыштар отрядының өкілі. Иттер анатомиясы мен физиологиясын білу - ит түқымын пайдалану және өсіруде сауатты жұмыстар негізгі. Тірек-қимыл, тыныс алу, ас қорыту, қан лимфа айналым, орталық нерв жүйесі, зәр шығару және көбею ішкі секреция және тері жамылғысы органдарының жүйелері. Аңшы иттердің жұмыс істеуі үшін әртүрлі органдар мен жүйелердің маңызы.

Экстерьер туралы түсінік және оның иттің жұмыс сапасымен байланысты, экстерьердің кемшілікгер мен кемістіктері. Тұқымдық туралы түсінік. Иттердің дене құрылысы (дене бітімдері). Жеке дене бітімдеріне жазба келтіру. Экстерьерді бақылау тәсілдері. Индекстер, өлшеу техникасы мен аспаптары.

Конституция туралы оқу И.А.Хижик П.Н.Кулетов, М.Ф.Иванов, Г.И.Блохин және т.б. еңбектері. Конституциясы типтерін жіктеу. Аңшы ит өсірушілікте конституция типінің пртикалық маңызы.

Аңшы ит өсірудің басты бағыттары; кәсіптік және спортгық-әуесқойлық.

Тазылар. Казақстанда бұл ит тұқымын өсірудің ежелден бергі тарихы, кәсіптік және спорттық-әуесқойлық аң аулауда түлкі мен қарсаққа пайдалану. Тайтан, орыс төбет тазысы, оларды Қазақстан жағдайында пайдалану мүмкіншілігі.

Лайкалар, Батыс-сібір, орыс-европа, карелфин, шығыс-сібір тұқымдары. Тұқымның әмбебаптығы және әртүрлі аңшылық үшін кең пайдалану. Лайка тұқымын дамыту жоспары, болашағы және оларды Қазақстанда пайдалану.

Қуғыншы иттер. Олардың әртүрлілігі. Орыс қуғыншы иті, орыс ала қуғышы иті, эстан қуғыншы иті. Қуғыншы иттерді Қазақстанда қолдану мүмкіндігі.

Үргіш итгер (легавые). Туқымның әртүрлілігі және олардың әмбебаптығы. Аралық және кұрылықгық ит тұқымдары. Қазақстанда кең тараған ит тұқымдары (пойнтер, ағылшын, ирланд және шотланд иттерлері, курцхаар) және оларды әртүрлі аңшылық түрлеріне пайдалану ауқымын кеңейту.

Інге түсетін иттер (порные). Вельштерьерлер, таксалар, ягдтерьерлер, фокстерьерлер. Інге түсетін иттер қолдануды көбейту және Қазақстанда оларды пайдалану ерекшеліктері.

Спаниельдер. Шетелдерде тұқымдарының көп түрлілігі. Орыс спаниелік шығару мақсаты. Қазақстанда тұқымдар дамуының болашағы.

Ит тұқымдарын жетілдіру үшін генетика негіздерін білу маңызы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік. Иттердің тұқым қуалау заңдары. Тұқым қуалайтын белгілері және қаситеттерінің тұқым қуалау сипаты. Жұмыс атқару сапаларын мұра ету. Тұқым қуалаудағы кемстіктер мен аурулар. Тұқымдар генетикасы. Инбридинт, аутбридинг және гетерозис.

Асылдандыру жұмыстарының мақсаты жақсы жұмыс атқарушы сапасы жоғары асыл тұқымды иттерді алу. Кәсіптік аудандардағы асылдандыру жұмыстарынын ерекшеліктері.

Питомиктердегі тұқым асылдандыру жұмыстары. Әуесқойлық ит өсіруді асылдандыру жұмыстары. Таза тұқымды иттерді (промзводитель) экстерьері, жұмыс атқару сапасы шықкан тегі, ұрпақ сапасы бойынша. Иттерді бағалау. Тұқымдық иттер жұбын
таңдау. Көрмелер мен далалық сынау жұмыстарын ұйымдастыру. Ит өсіру жайлы кітаптар.

Иттердің биологиялық циклдері. Жыныстық пісуі мен жетілу мерзімдері. Шағылыстыру. Буаздығы. Күшіктеуі, сүттенуі. Иттердің босанғаннан соң қалпына келуінің физиологиялык мүмкіншіліктері. Иттердің қайтадан қалпына келуін аң аулауға мерзімдерімен сәйкестендіру қажеттілігі.

Дұрыс азықтандыру - ит саулығы жұмыс қабілетінін негізі. ТМД елдерінде және шетелдерде ит азықтандыру нормалары. Негізгі құрамы бойынша азықтық (белок, майлар, көміртектер, витаминдер, минералды заттар) теңгерімін жасау. Азықтардың энергиялық бағалылығы. Күшіктерді азықтандыру ерекшеліктері.

Әртүрлі физиологиялық кезендерде тұқымдық аналық пен аталықты азықтандыру. Кәсіптік және спортгық-әуесқойлық аңшылық кезеңінде иттерді азықтандыру. Аң мен балық қалдықтарын ит азығына пайдалану.

Үйрету негіздері. Иттерді үйретудің теориялық негіздері: жоғары нерв қызметі туралы оқу, шартты және шартсыз рефлекстер, Күрделі реакциялардың негізгі типтері: бағдарлы (ориентировочная), қоректік, қорғаныс және жыныстық. Қоздырғыштар: сыртқы және ішкі, жәй және күрделі. Иттердің жоғары жүйке қызметі типтері және олардың әртүрлі ит тұқымдарында пайда болуы. Жаттықтыру тәсілдерін өңдеу жобасы. Бұйрық беру: "орныңа бар", "отыр", "жат", "жаныма кел". Тыйьм салу бұйрықтары.

Иттерді арнайы үйретуді теориялық білім мен тажірбиесі бар мамандар ғана жүзеге асыра алады. Аңға қосу, аң қуу айтақтаудың еліктету тәсілі, оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Тазы-ларды аңға қосу. Лайкаларды тиінге, сусарға, орман құстарына, тұяқтыларға, аю мен қабанға қарсы салу арқылы жұмыс сапасын бағалау. Қуғыншы иттерді аңға қосу. қоянға, түлкіге және шибөріге қуғыншы иттерді қосу арқылы олардың жұмыстық сапасын бағалау. Інге түсетін иттерді аңға салу. Спаниельдерді құсқа салу. Оларды дала батпақ және орман құстарына пайдалану арқылы жұмыс сапасын бағалау. Ит тұқымдарының әмбебаптығын артыру.

Жарақаттар. Әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету. Күйік, үсік, жылу, соққылары. Жедел жәрдем. Зат айналысының бұзылуы, белгілері мен алдын алу.

Гельминттер: эхинекокк, альвеококк, цистицеркоз. Клиникасы, емдеу, аурулардың алдын алу. Парвовирус, жұқпалы гепатит, ет қоректілер обасы, қотыр, демодекоз. Клиникасы, емдеу, алдын алу.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Марканов Н.А, Охотничье собаки. Ташкент:Мехнат, 1993,

  2. Власов Н.Н. и др Охотничъя собаководство. М :Агропроиздат, 1990.

  3. Мазовер А.П. Охоггничьи собаки. М : Лесная промышленность, 1982,

  4. Чижик И.А. Конституция и экстерьер сельскохозяйственньк животных. Л.:Колос 1979.

  5. Блохин Г.И. и др. Кинологая. М, 2001.

Войлочюіков А.Т.,Войлочникова С.Д. Охотничьи лайки. М„ 1982.

  1. Казанский В.И. Гончая и охота с ней. М„ 1973.

  2. Казанский В.И.Борзые. М , 1984.

  3. Охогаичье собаководство. Киров, 1971.

  4. Слудский АА, Азиатская борзая. Тазы и охота с ней.А., 1939.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет