Боуэн ауруына көптеген қабығы бар қызыл таңбалар тән, олар майда түйіндер тастап, әр түйін жұқа жылтыр қабықпен қапталады, егер қабық алынса, онда қотыр сияқты суланады, қышыма пайда болады. Дерт көбінесе кеуде терісінен көрінеді.
Боуэн ауруына көптеген қабығы бар қызыл таңбалар тән, олар майда түйіндер тастап, әр түйін жұқа жылтыр қабықпен қапталады, егер қабық алынса, онда қотыр сияқты суланады, қышыма пайда болады. Дерт көбінесе кеуде терісінен көрінеді.
Педжет ауруы емшекте (емізікте), емшекұшы айналасында, шапта және шап аралықта кездеседі. Бұл - жұқа қабығы бар жара, бірақ ол өз бетінше жазылып тыртықтанатын жара емес, созылмалы, қанды-су шығарып тұратын, өмір-бақи бітпейтін жара, әсіресе, қабығы түсіп қалса.
Кайра эритроплазиясы - жалпақ келген, 1-2 см-дей көлемдегі, суланып тұратын тері бөртпесімен сипатталынады. Ол, көбінде, сыртқы жыныс мүшелерінде орналасады.
Факульт ативты ісік алды аурулардың өзі екі топ құрайды;
Факульт ативты ісік алды аурулардың өзі екі топ құрайды;
1 топқа кәрілік кератоздар (терінің жұқарып, құрғақтануы, жарылуы), терінің мүйізденуі – қалыңдануы және кератоакантомалар кіреді;
2 топты терідегі бірнеше өзгерістердің салдарынан болатын аурулар құрастырады, олар көбінесе сыртқы ортаның, соның ішінде рентген, радий сәулелерінің, мышьяктың, өндіріс қалдықтарының зиянды әсерінен пайда болатын өзгерістер, күйік, туберкулез, мерезден соң пайда болатын келлоидты тыртықтар , туа біткен кемістіктер, ахаулар, қызыл жегі, эпидермальды және дермоидты жылауықтар жатады.
кәрілік кератоздар
келлоидты тыртықтар
ХАЖ-10- бойынша таңбалануы:
ХАЖ-10- бойынша таңбалануы:
C44 – Терінің басқа қатерлі ісігі
44.0 - ерің терісі
C44.1- қабақ терісі, оның қосылған жерімен
C44.2 – құлақ терісі және есту тесігімен
C44.3 – басқа бет терісі және анықталмаған бөлігімен
C44.4 – бас терісі және мойын
C44.5 – дене терісі
C44.6 – қолдың терісі,иық буынды қоса
C44.7 – аяқтың терісі , жабас буынды қоса
C44.8 – жоғарыда көрсетілгендерден басқа терінің зақымдануы