Терминдену – термин шығармашылығының бір тәсілі екенін дәлелдеп, өз ойыңызды айтыңыз


Жалпыхалықтық тілдегі сөздер мен терминдердің семалық құрылысындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктер туралы түсінік беріңіз



бет4/5
Дата21.12.2023
өлшемі20,54 Kb.
#141914
1   2   3   4   5
Жалпыхалықтық тілдегі сөздер мен терминдердің семалық құрылысындағы
ұқсастықтар мен өзгешеліктер туралы түсінік беріңіз

Салыстырып отырған ұғымдар арасында қандай да ұқсастық табылмайынша сөздің терминденуіне мүмкіндік тумаған болар еді. Енді науа сөзінің терминденуіне себеп болған ұғымдардың сол ұқсас жақтарына келер болсақ, ол – екі ұғымның ортақ белгісі – екеуінің де ыдыс екендігі. Бұрыннан белгілі ұғым атауының медицинадағы арнаулы ұғымның атауы ретінде қалыптасуына себеп болған осы ортақ белгі – термин мен жалпы қолданыстағы сөздің арасындағы мағыналық байланысты айқындаудың да басты шарты болып шығады. Дәлірек айтқанда, сөз болып отырған лексикасемантикалық варианттардың екеуіне де ортақ, олардың басын біріктіріп тұрған жалпылаушы сема – ыдыс семасы. Бұл салыстырудан сөздің лексикалық мағынасын құрауда денотаттық (сигнификаттық немесе ұғымдық) компоненттің негізгі рөл атқаратынын, сондай-ақ сөздің терминденуіне ұғымның, ұғым белгілері ұқсастықтарының себепкер болатындығын аңғару қиынға соқпайды. Оған анығырақ көз жеткізу үшін термин шығармашылығының осы қарастырылып отырған семантикалық тәсілі арқылы жасалған тағы бірер терминнің семалық құрылысын саралап көруге тура келеді. Мысалы, биологияда түнек (лежки) деген термин бар. Терминологиялық сөздікте бұл терминге «тұрақты баспанасы жоқ жануарлардың (бұғы, доңыз, қоян т.б.) тынығатын орны»82 деген анықтама берілген болса, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде түнек сөзіне «көзге түртсе көрінбейтін қараңғылық» және ауыспалы мағынасына «ел басына түскен ауыртпалық, қайғы-қасірет»83 деген анықтама беріліпті. Биология термині жалпы қолданыстағы түнек сөзінің терминденуі арқылы жасалған деу онша қисынға келе қоймайды. Оған қарағанда түсіндірме сөздіктегі түнеме, түнемел («түнейтін орын, қонатын, жататын жер» деген мағынаны білдіретін) сөздерінің мағыналары терминнің мағынасына көбірек жақындайды. Алайда, түнек термині бұл аталған сөздер негізінде де жасалмаған. Біздің пайымдауымызша, биология термині түрікмен қазақтарының тілінде кездесетін диалект сөздің терминденуі арқылы жасалған. Бұл пайымдаудың негізсіз емес екендігіне көз жеткізу үшін – диалектологиялық сөздіктегі түнек сөзіне берілген анықтама мен терминнің дефинициясын салыстырып көруге тура келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет