Терминдену – термин шығармашылығының бір тәсілі екенін дәлелдеп, өз ойыңызды айтыңыз


Терминдердің көркем әдебиетте қолданылуы туралы түсіндіріңіз



бет2/5
Дата21.12.2023
өлшемі20,54 Kb.
#141914
1   2   3   4   5
Байланысты:
терминология жауаптары

Терминдердің көркем әдебиетте қолданылуы туралы түсіндіріңіз
Көркем аудармаларда ресми бекітілген сөздер мен терминдер көбірек қолданылған. Мысалы, біз қарастырған көркем аудармаларда Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен айдауыл, айыппұл, ақпарат, әкім, әкімдік, әл-ауқат, әнұран, әуежай, ғаныш, даңғыл, дәйексөз, дәрісхана, дәрумен, дәріс, жарнама, жасуша, жәрдемақы, жеделхат, заңгер, зейнетақы, зейнеткер, зертхана, зиялы қауым, қағидат, құжат, кеден, келіссөз, келісімшарт, кепілдеме, кепілзат, қаржыгер, қағида, қағидат, құжат, құқық, мәтін, мүшелтой, отбасы, пайыз, рәсім, салым, салымшы, сараптама, сарапшы, тағылымдама, тапсырыс, тапсырысшы, терім, тұсқағаз, ұшақ, хаттама, шығармашылық, іссапар сияқты көптеген атау­лар жиі қолданылады. Бұлай болуы орынды да. Бұл бір жағынан аудармашылардың ресми мақұлданған, бекітілген терминдерді қадағалап, олардың ұтымды жасалғандарын орнымен пайдалануға деген кәсіби жауапкершіліктерін сезіну болса, екінші жағынан, мұны олардың жаңа атаулар мен терминдердің нормалануына, жалпы қолданысқа көшуіне, мақсатты, саналы түрде қолдау көрсетуі деп те қабылдауға болады. Сонымен қатар бұл мемтерминком жұмысының тиімділігін, олар бекіткен атаулардың сапасын, өміршеңдігін, кәсіби мамандар тарапынан қабылдануын да көрсетеді.


Терминдену және термин шығармашылындағы шарттылық туралы айтыңыз
Қазақ тіл білімінде шарттылық мәселесіне көңіл аударған ғалым-академик Ә.Қайдаров. Ол өзінің «Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас» деген еңбегінде қазақ терминологиясының принциптерінің бірі ретінде – дәстүр мен шарттылық принципін ұсынады. Ғалым индустардың бас теріні – скальпті сылып алатын скальпельмен оның баламасы ретінде қолданылып жүрген қандауыр қызметтерінің мүлде ұқсамайтынын, ветеран терминінің баламасы ретінде қалыптасқан ардагер сөзінің бастапқы мағынасы мен қазіргі мағынасы және бүгінгі терминдік мағынасы арасындағы алшақтықты сөз ете отырып, «кез келген терминнің төркініне шұқшия қарап, тегін қазбалай берсек, оның лексикалық мағынасы мен бүгінгі терминдік мағынасы арасындағы алшақтық, яғни дәстүрлік қолданыс пен шарттылық айқындала түседі, сөйтіп оның ғылыми дәлдігіне күмән келеді»59, – дейді.
Жалпы термин шығармашылығындағы шарттылық сөзжасамның барлық тәсілдері арқылы жасалған терминдерге тән деуге болады. Бірақ ұзақ уақыт қолданылу барысында олардың жасандылығы аңғарылмай кетеді. Олардың жасалу жолдарын айқындай бастасақ, терминнің жасалуындағы шарттылыққа көз жеткіземіз. Жаңадан жасалған терминдер әбден үйреншікті болып кете қоймағандықтан, олардан шарттылық бірден аңғарылып тұрады. Жаңа терминдер сөздігінен алынған мысалдардан оны айқын көруге болады63. Мысалы, жал (аренда), ұлан (гвардия), құжат (документ), алқа (коллегия), бәсеке (конкуренция), несие (кредит), ұлпа (ткань), даңғыл (проспект), аймақ 63 Қалиев Б., Күркебаев Ш. Орысша-қазақша және казақша-орысша терминдер сөздігі. (регион), үрдіс (тенденция), көлік (транспорт), кеден (таможня), дулыға (шлем), індет (эпидемия) сияқты терминдер лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған болса, төреші (арбитр), төрелік (арбитраж), қауымдастық (ассоциация), зейнеткер (пенсионер), бұрауыш (отвертка), ерітінді (раствор), демеуші (спонсор), тежеуіш (супрессор), жұдырықша (кулачок), қадауша (стояк) сияқты терминдер синтетикалық тәсілді пайдалану жолымен жасалған. Ал ішперде (брюшина), гүлшанақ (бутон), тіқұшақ (вертолет), сенім хат (доверенность), тамырсабақ (корневище), көлтабан (лиман), бұршаққын (стручок), нарықтық экономика (рыночная экономика), іс жүргізу (делопроизводство), аманат ақша (вклад), қосалқы бөлшектер (запасные части), ұйқы безі (поджелудочная железа), кіндік тамыр (пупочный канатик) тәрізді терминдер аналитикалық тәсіл арқылы туындаған. Қорыта айтқанда, термин шығармашылығында жасандылыққа, шарттылыққа бару кезінде сол шарттылықтың жүзеге асуына негіз болатын заңдылыққа табан тіреуге тура келеді. Басқаша айтқанда, шарттылықтың да өз заңдылығы бар. Ол заңдылық ұғымға тікелей қатысты. Кез келген арнаулы саладағы жаңа ұғымға ат қою кезінде сол ұғым бұрыннан белгілі ұғымдармен салыстырылады. Ойша салыстырылып отырған ұғымдар арасындағы қандай да бір ұқсастық (форма, қызмет, түр т.б.) бұрыннан белгілі ұғым атауының жаңа ұғымға алмасуына себеп болады. Бұрыннан белгілі ұғым атауы әртүрлі дәрежедегі өзгеріске ұшырауы да немесе бастапқы қалпын сақтауы да мүмкін. Бұрыннан белгілі ұғым атауының, яғни, лексеманың жаңа ұғымға еш өзгеріссіз көшуі – терминжасамның лексика-семантикалық жолымен жүзеге асырылса, жаңа лексеманың пайда болуы, тіркес құрамына енуі өзге тәсілдер арқылы іске асады. Сонымен, жаңа ұғымға ат қою кезінде міндетті түрде шарттылыққа жүгінуге тура келеді. Егер ондай шарттылықты мойындамасақ, онда жаңа термин жасау мүмкін болмаған болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет