Жалпыхалықтық тіл – терминологиялық лексиканы құраудың көзі екенін дәлелдеп
айтыңыз Жалпыхалықтық тіл – терминологиялық лексиканы құраудың ішкі көзі болып табылады. Жалпы лексика мен арнаулы лексиканың арасындағы байланысты, олардың ұқсас жақтары мен өзіндік ерекшеліктерін анықтауда терминдену жолымен жасалған терминдер мен олардың туындауына негіз болған сөздердің семалық құрылысына талдау жасаудың мәні зор. Мәселеге осы тұрғыдан келу терминология үшін ғана емес, жалпы семасиологияда да кейбір теориялық тұжырымдар жасауға жол ашады. Сондықтан да бұл мәселеге арнайы тоқталудың қажеттілігі пайда болып отыр. Жалпыхалықтық тілдегі әртүрлі терминологиялық лексикалық қабаттардың терминдену деңгейі бірдей бола бермейтіндігі белгілі жайт. Көптеген өзге тілдердегі сияқты қазақ тілінің де терминологиялық лексикасын байытудың ең құнарлы көзі – жалпы қолданыстағы сөздер болып келеді. Лексиканың диалектизмдер, кәсіби сөздер, көнерген сөздер, қарапайым сөздер немесе жаргондар тәрізді бөліктері терминге айналу барысында дәл жалпы қолданыстағы сөздер сынды өнімділік таныта алмайды. Олардың әрқайсысының терминдену мүмкіндігі, терминологиялық лексиканы қалыптастырудағы өзіндік үлесі сияқты қырлары арнайы қарастыруды қажет етеді. Біз бұл жерде олардың қай лексикалық қабатқа жататындығына қарамастан, лексикалық бірлік ретінде бір деңгейге қоя отырып, терминдену барысындағы олардың семантикалық белгілерінің ортақтығы мен ерекшеліктеріне баса назар аударамыз. Сол арқылы жалпыхалықтық тілдегі сөздер мен арнаулы салалардағы терминдердің арасындағы семантикалық қатынастарды анықтау – зерттеудің негізгі мақсаты.
Терминологиялық өріс туралы түсінік беріңіз Терминологиялық өріс туралы айтпастан бұрын өріс терминінің өзіне қысқаша тоқталуға тура келеді. Лингвистикалық сөздікте өріс терминіне «белгіленуші құбылыстардың ұғымдық, заттық немесе қызмет ұқсастығын көрсететін және мазмұн ортақтығына (кейде біріктірілген тілдік (негізінен лексикалық) единицалардың жиынтығы» деген анықтама берілген72. Тіл білімінде зерттеу мақсаттарына байланысты өріс терминін ғалымдар әртүрлі мағынада қолданып жүр. Олар жөнінде Г.С.Щур73 мен А.В.Суперанская74 да өз еңбектерінде кеңірек тоқталады. Тіл біліміндегі өріс теорияларын арнайы зерттеген ғалым Г.С.Щур өрістің парадигматикалық, синтаксистік, грамматикалық, функциональдысемантикалық, ассоциациялық өріс сияқты түрлеріне жеке-жеке тоқтала келіп, өріс терминінің бірізді қолданылмай жүргенін, тіпті өріс теориясының тіл білімінде теория ретінде басы ашылып орныға қоймағанын атап көрсетеді
Термин туралы сөз еткенде, біз ең алдымен оны ғылым мен техниканың немесе адам қызметінің әйтеуір бір арнаулы саласында ғана қолданылатын сөз деп түсінетініміз белгілі. Шындығында да белгілі бір арнаулы салаға ғана қатыстылығы – оны тіліміздегі термин емес сөздерден ажырататын мәнді белгілерінің бірі болып табылады. Осыдан келіп термин сөздің термин ретінде өмір сүру аймағының шекарасын анықтау қажеттілігі туындайды. Терминологияда ондай аумақ – терминологиялық өріс деп танылып жүр.