Терминнің терминологиялық өрістен тыс қолданылуы туралы айтыңыз
Тілдің жалпы лексикасы мен терминологиялық лексикасының арасында алынбас қамал бар деп қарауға болмайды. Жалпы қолданыстағы сөздердің негізінде ғылым мен техниканың, өнердің әртүрлі салаларындағы мыңдаған терминдердің жасалатындығы сияқты, терминдердің есебінен де жалпы лексика үнемі байып отырады. Тілде бұрыннан бар сөзді термин ретінде дайын қалпында пайдалану терминдену делінсе, оған қарама-қарсы процесс, яғни терминнің терминологиялық жүйеден тыс қолданылып жалпылық сипатқа ие болуы – бейтерминдену (детерминологизация) деп аталады. Біз төменде осы соңғы мәселе жөнінде сөз қозғамақшымыз. Термин өзінің терминге тән қасиеттерін өзі қатысты болатын терминологиялық өріс ішінде, ғылыми әдебиеттер мен терминологиялық сөздіктерде толық сақтай алады. Осы арнаулы ортадан тыс қолданылуы терминді елеулі өзгерістерге ұшыратып, оның бейтерминденуіне жол береді. Терминнің жалпы қолданыстағы сөздермен қатар қолданылып баршаға түсінікті болуы негізінен газет-журнал, радио мен теледидар арқылы жүзеге асып жатады. Сондай-ақ бұл мәселеге ғылыми-көпшілік басылымдардың, оқулықтардың, көркем әдебиеттің де әртүрлі дәрежеде қатысы бар
Бұл мәселе жөнінде Т.С.Коготкова «терминнің өз терминологиялық жүйесінен шығып, жалпы қолданысқа түсуі – бұл бір тілдік жүйе единицасының екінші жүйеге енуі болып табылады. Сол себепті бұл құбылыстың мамандар мен маман еместер арасында қиындықтар туғызуы табиғи нәрсе»93, – дейді.
Мемтерминком және термин қалыптастыру мәселесіне шолу жасаңыз
Мемтерминкомның 1933 жылдан бастап, 60-жылдан астам уақыт ішінде бүкіл терминологиялық лексиканың шамамен 10 проценттейін ғана ресми бекітуі соның көрінісі3 . Ғылыми терминологиясы дамыған тілдердің (ондай тілдердің қатарына дүниежүзінің 60 тілі кіреді) қатарына қосылу үшін бізге терминдерді реттеу, жүйелеу, стандарттау жолында қыруар жұмыстарды атқаруға тура келеді. Сондықтан да бұл жұмыс дұрыс жолға қойылған елдердегідей бізде де тұрақты жұмыс істейтін, терминология мәселелерімен тікелей айналысатын кәсіби мамандары, яғни, терминологтары бар мемлекеттік мекеме болуы керек. Мәселен, Ресейдегідей ғылыми-техникалық терминология комитеті болса, ауқымды жұмысты атқаруға мүмкіндік туындаған болар еді. Әйтпесе, біздегідей жұмыс істеу тәсілімен терминологиямызды жүйеге түсіруге болады дегенге сену қиын. Дәлірек айтқанда, мүмкін емес. Сондықтан, бұл мәселенің мемлекеттік маңызы ескеріле отырып, жұмысы дұрыс жолға қойылмаса, терминологиямыздағы ала-құлалық сақталып қалатыны сөзсіз. Қазіргі кезеңде ұлт тілінде термин жасаудың жанданып отырғаны белгілі. Көптеген жаңа терминдер жасалып қолданысқа көше бастады. Бұл ұлт тілінің ғылым саласындағы қызметін атқара бастауының бір көрінісі. Оны пуризм деп танып, қазақ тілі ғылымға, термин шығармашылығына шектен тыс көп араласып кетті деуге болмайды. Бұл, түптеп келгенде, онсыз да мүмкіндігі шектеліп келген тілдің ғылым саласындағы қызметінің қалыптасуына жол бермеу болып табылады. Рас, жасалып жатқан терминдердің бәрін бірдей мінсіз деп айта алмаймыз. Олардың ішінде терминологиялық жүйе мен терминдерге қойылатын талаптарға жауап бере алмайтындарының да бар екендігі даусыз. Ондай терминдердің қолданылуына жол бермеу дұрыс. Алайда, сәтсіз жасалған кейбір терминдерді мысалға келтіре отырып, қазақ тілінің термин жасауға икемсіздігін, ғылыми ұғымдарды дәл беруге мүмкіндігінің жетпейтіндігін дәлелдеуге тырысқысы келетіндермен келісуге болмайды. Егер белгілі бір ұлттың тілі қоғамдық өмірдің қандай да бір саласындағы қызметін атқара алмай жатса, ол үшін тілді кіналау мүлде дұрыс емес. Оның себептерін сол тілдің дамуына мүмкіндік бермей отырған қоғамнан іздеу немесе өз тілін қажетті деңгейде дамытып, тиісті салада қолдана алмай отырған ұлттың өзінен көргені жөн. Сондықтан, мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілін термин шығармашылығына тиімді пайдаланып, оны шын мәніндегі ғылым мен техниканың тілі ете білу өзімізге тікелей байланысты. Бұл істе жалпы ұлттық кадрлардың, оның ішінде, ғалымдардың, салалық мамандардың рөлі айрықша.
Төл терминдердің жасалу жолдарына тоқталыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |