Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу


қабылдау, ойлау, тіл, есте сақтау, әрекет ету



бет2/5
Дата16.05.2022
өлшемі70 Kb.
#34665
1   2   3   4   5
Байланысты:
термин. черн

қабылдау, ойлау, тіл, есте сақтау, әрекет ету т.б.

Қоршаған дүние – адам мен оның ортасының өзара байланысы, ал дүние белгісі – адам мен оның ортасы жайлы ақпараттарды өңдеудің нәтижесі. Дүние бейнесі – «тұрақсыз, үнемі өзгермелі құбылыс». Қазіргі таңда ғаламның тілдік бейнесі мәселесі Е.С.Кубрякова, В.И.Постовалова, Ю.М.Караулов, В.Н.Телия, А.А.Уфимцева, Э.Д.Сүлейменова және т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылып жүр.

Әр ұлт тілінде, әлем туралы түсініктер, ұғымдар түрлі тілдік деректер арқылы таңбаланып, қоршаған әлемнің тілдік бейнесі, адамдар санасындағы дүниенің логикалық бейнеленуі жағынан ұқсас болып келеді. Құбылыстар арасындағы ұқсастықтар ұғым категорияларын жасайтын лексемалардың толығуына әсер етеді. Сол ұғым түрлерінің тұтастай алғандағы атаулары тілдің негізін құраса, әлемнің ондағы құбылыстардың тілдегі бейнесінен ұлт ерекшеліктерін танып–білуге болады.

Ғалым Э.Д.Сүлейменованың пікірі бойынша, ғаламның тілдік бейнесі, көбінесе, «түрлі дүниетаным мәселесі ретінде қаралады. Бүгінгі таңда ғаламның тілдік бейнесі ұғымында екі түрлі сипат бар. Оның біріншісінің нақты тілдерге және олардың арасындағы айырмашылықтарға қатысы жоқ болса, екіншісі нақты ұлт тілдерінің қатысуымен қалыптасқан лексикалық аталымдар жүйесі тәрізді тілдер арасындағы айырмашылықтарға бағыт – бағдар жасаушы ғаламның тілдік бейнесімен байланысты» [5.131 б.].

Автордың пайымдауынша, ғаламның тілдік бейнесі негізгі екі қызмет арқылы айқындалады: 1) ғаламның негізгі бейнесін негізгі элементтер білдіреді; 2) тілдік тәсілдердің көмегімен ғаламның ғылыми бейнесі түсіндіріледі [5.135 б.].

Е.С.Кубрякова, Б.А.Серебренников, А.А.Уфимцова т.б. ғалымдар ғаламның концептуалдық бейнесін тілдік бейнеге қарағанда әлдеқайда бай деп есептейді. Ғалымдардың пікірінше, ғаламның ғылыми бейнесін құруға ойлаудың түрлі типтері бейвербалды түрлері де қатысады.

Ғаламның ғылыми бейнесі мен тілдік бейнесі арасындағы айырмашылықтар турасында ғалым В.В.Воробьев төмендегідей тұжырымды ұсынады:

1. Когнитивтік жүйе әмбебап сипатта болады, оның көлемі мен тұтастығындағы айырмашылық түрлі ұлт өкілдері өркениетінің деңгейіне байланысты. Лексикалық жүйе ұлттық сипатта болады, түрлі тілдердің лексикалық жүйесі арасындағы айырмашылық, алдымен, ішкі бөліктерге бөлінуіне байланысты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет