Терминологиялық жүйе терминдік қоры жағынан лексикалық жүйе секілді когнитивтік жүйенің бір бөлігі болып саналады).
5. В.В.Воробьевтің пікірі бойынша: «Когнитивтік жүйе арқылы адам дүниені танып, өз көзқарасын лексикалық жүйенің көмегімен суреттей алады. Дүниенің әлдебір тұрақты ұлттық моделін айқындау үшін, ұлттық өмір элементтерінің өзара қарым – қатынасын, құрылысын білуге тырысу қажет» [6. 56 б.].
Когнитивтік лингвистика когнитивтік құрылымдарды қарастырумен қатар, адам санасында тілдік және тілдік емес білімдер жүйесінің құрылымын, сондай – ақ тілдік және тілдік емес ақпараттарды игеру, өңдеу, қолдану тәрізді әрекеттердің жүзеге асуын қарастырады. Тілдік таңба арқылы кодқа салынған ақпараттарды ашып немесе ақпараттарды кодқа салу тәрізді әрекеттер когнитивтік лингвистиканың құзырына жатады.
Зерттеуші С.Г.Воркачаевтың тіл мен таным, тіл мен ойлау мәселесі жөнінде мынадай пікірі бар: «Тіл мен таным процестерінің арақатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатысы адам баласының интелектуалды өмірінде құндылықтар қаншалықты рөл атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен таным арақатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі» [7. 65б.].
Ғаламның тілдік, ғылыми бейнесі әр этноста әр түрлі болуы этностың тәжірибесі мен біліміне байланысты. Себебі тілдік таңбаның таңбалаушы қызметі сыртқы дүниемен тікелей байланысында емес, адамның өмірінен көрген – білген, көңілге түйген білімінің негізінде болып табылады. Әр халықтың тәжірибесі әр түрлі болғандықтан, ғаламның тілдік бейнесі мен ғылыми бейнесі де, адамдар тәжірибесі де әр түрлі болуы – заңды құбылыс. Осы ретте
Достарыңызбен бөлісу: |