Солардын алғашқыларының бірі С. Арзымбетовтың «Орысша-қазақша ауыл шаруашылық терминдерінің сөздігі» (1952, 1955 ж.). Кейін тіл білімі, әдебиеттану, музыка, металлургия, таукен ісі, математика, физика, астрономия, педагогика, экономика, философия т. б. салаларға байланысты 30-ға жуық Терминологиялық сөздіктер жарық көрді.

Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы болады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты, айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады.
Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануға ыңғайлы болмақ. Ғылыми ұғымдардың қазақ тілінде мағынасын терең ашып жеткізетін және өзі жатық, құлаққа жағымды, көпшілік жақсы қабылдайтын терминдерді әлі де көптеп қалыптастыру қажеттігі бүгін өмір талабынан туып отыр
Орыстың ғылым тілінің даму тарихын зерттеуші ғалымдар бірауыздан энциклопедист-ғалым М.В.Ломоносовты «орыс ғылыми терминологиясының атасы» дейтін болса, Қазақстан ғылымының
тарихындағы ондай орынды ұлтымыздың аса көрнекті ғалым Ахмет Байтұрсынұлы иеленіп тұр.