Терминологиясы


Моңғол тілімен ортақ атау сөздер



Pdf көрінісі
бет25/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

Моңғол тілімен ортақ атау сөздер
Қазақ тілі лексикасының құрамын зерделегенде моңғол 
тілімен ортақ сөздерді де табамыз. Бұлардың араб, пар-
сы тілдерінен енген сөздерден едəуір өзгешелігі бар. 
Ол ерекшелік сөздердің келу, ену жолына байланысты. 
Қазақ рулары ежелден моңғол тайпаларымен қоян-қолтық 
аралас-құралас өмір кешкен, іргелес отырған. Осыған 
қарағанда, моңғол сөздері қазақ тіліне тек Шыңғыс хан 
шапқыншылығымен ғана байланысты емес, одан əлдеқайда 
бұрынырақ енгенге ұқсайды. Мына сөздерді салыстырып 
қарасақ, біраз мəселенің беті ашылатын сияқты. Əшекейі 
бар сандықты қазақтар да, моңғолдар да абдыра дейді. Сол 
сияқты мына төмендегі бірнеше сөзді салыстырып отырсақ, 
кейбір дыбыстық өзгешелігі болмаса, білдіретін мағынасы 
бірдей болып шығып отыр: алтын – алтан, байсал – байқал, 
баян – баян, аймақ – аймағ, адақ – адаг, аңсағай – аңқиғай, 
дулыға – дуулға (шлап), баран – бараан (Ақан серінің 
«Құлагеріндегі» «қылаң болмай баран болды» дейтін жол-
дарды еске алыңыз), жол – зол, дөнежін – дөнжин, жасақ – 
жасаг тəрізді мысалдар баршылық. Бұлардың көбі – қазіргі 
архаизм қатарына көшкен сөздер. Келтірілген мысалдар-
дан байқалатынындай, ежелгі заманда қолданысқа актив 
қатысқан бұл сөздер күнделікті тұрмысқа, үй тіршілігіне 
қатысты болып келеді. Мəселен, көшпелі ел тіршілігінде 
өте маңызды рөл атқарып келген күш көлігінің бір де болса 
бірегейі түйе малы болса, соның ішінде атан түйеге айрықша 
қызмет жүктеледі. Ал осы түйеге қомсыз жүк артылмайды. 
Ендеше, ғалымдардың бүгінгі таңда архаизмдер қатарына 
ығысып бара жатқан атан, қом, дулыға, жасақ сөздерінің 


86
пайда болуын көне замандарға апаруы тегін емес. Сонда 
Ғ. Мұсабаевтың айтуына қарағанда, моңғол тілінен сөз енуді 
XІ–XІV ғасырлар
31
деп шамалау ретті сияқты.
Осы келтірілген мысалдарды, азын-аулақ пікірлерді 
саралай келгенде біз мынадай ой түйдік. Аталған бірен-
саран сөздерді моңғол тілінен ауысқан деген пікір көңілге 
қона бермейді. Ұлт болып, бөлінбей тұрған кезде ортақ 
қолданыста болған сөздерді бір тілден екінші тілге ауысты 
деп айту қисынсыз. Сондықтан мұны əлі тереңірек зерттеуге 
тура келеді. Асылы, тіл-тілдегі мұндай элементтерді ортақ 
мұра есебінде қарастырған жөн деп ойлаймыз.
Жалпы, терминологиялық лексиканың реттелуін көздеп 
отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманында 
сөздердің шығу төркінін біліп отырудың айрықша маңызы 
бар. Сөздердің шығу тегін, жасалу жолын білу арқылы оның 
мағыналық өрісін, потенциялдық мүмкіндігін шамалауға 
болады. Осыған қарағанда, тілдер сол рулық тайпалық 
қауымдастықтың өзінде-ақ бір-біріне əсер етіп, бірінен-бірі 
нəр алып, ортақ сөздер жасап отырғанға ұқсайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет