Терминологиясы


ҚАЗАҚ  ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет2/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

ҚАЗАҚ 
ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ 
ДАМУЫ МЕН 
ҚАЛЫПТАСУЫ


4
КІРІСПЕ
Жалпы, тіл – өмірдің сəулесі, қоғамдық құбылыстардың 
айнасы іспетті нəрсе. Қоғамда болып жатқан неше алуан 
өзгеріс, жаңалық атаулының бəрі əуелі тілден орын тебеді 
де, содан соң халық мұрасына айналады. Ендеше, тілді зерт-
теу арқылы, оның түп негізін терең тексеру арқылы тұтас бір 
халық, ұлт өмірінің өткелдерін, тарихи кезеңдерін анықтауға 
болады. Сонымен бірге қоғам өмірінің даму кезеңдерін зер-
делеу нəтижесінде тілдің де эволюциялық өсу өрісін сара-
лай, жіктей аламыз.
Ал қалыптасу, даму дегеніңіз барлық уақытта бірқалыпты 
жүріп отырмайтыны белгілі. Қазақ тілі тарихынан да біз 
осыны аңғарамыз. Бұл тіл өзінің бастауын сонау көне 
замаңдардан алады, біздің жыл санауымыздан бұрын 
тайпалық, рулық қарым-қатынас құралы ретінде пайда 
болып, кезеңінде түрлі қауымдастықтар мен патшалық, 
хандықтарға, құрылымдар мен ірі мемлекеттерге қызмет 
еткен (Найман, Керей, Үйсін, Қаңлы мемлекеттері, Түрік 
қағанаты, Алтын Орда, Көк Орда т.т.). Халық басынан өткен 
осынау тарихи дəуірлер ізі əрдайым тілімізде сақталып, бізге 
жетіп отырған, əсіресе «түрік халықтарының көбіне ортақ 
түбірлердің» (Ə. Қайдаров) қазақ тілінде көптеп табылуы 
зерттеушілерді осындай ойға жетелейді.
Терминологиялық лексика, міне, осы халықтық тіл 
негізінде пайда болады. Мұның да өзіндік жасалу жолдары, 
қалыптасу тарихы бар. Бұл, негізінен, ғылыми ой-пікірдің 
өрбуіне, техника мен мəдениеттің дамуына орай туындай-
тын арнайы лексика.
Қазақ тілінің терминдік жүйесін осы тұрғыдан зерде-
леп байқасақ, қилы-қилы қызықты да күрделі кезеңдерге 
кезігеміз. Ең алдымен, терминологиялық лексиканың пай-
да болу, жасалу, қалыптасу тарихын Қазан төңкерісіне 
дейін, төңкерістен кейін деп екіге бөліп қарау керек сияқты. 
Төңкеріске дейінгі кезең қазақ терминологиясы үшін жар-


5
тымды материал бере қоймағанмен, терминжасамның ал-
ғашқы нышандарын нұсқайды. Болашақта терминденуге 
қажетті тірек сөздердің бəрін сол кезеңнен табамыз.
Төңкерістен бергі жерде пайда болған терминологиялық 
лексиканы əлденеше кезеңге бөліп қарау лазым. Неге десеңіз, 
75 жыл шамасында бұрынғы Одақ құрамындағы ұлттар мен 
ұлыстар тілінде аса күрделі жаңалықтар пайда болды. Оның 
бəрі қоғам өміріндегі сан қилы құбылыстар мен қозғалыстарға 
байланысты туған еді. Тіл дамуына ықпал еткен ұлы дүбір-
төңкеріс, ұжымдастыру, тəркілеу, ашаршылық, репрессия, 
бесжылдықтар, соғыс, тың игеру, коммунизм шеруі, қайта 
құру, тəуелсіздік т.т. тарихи оқиғалар еді. Осылардың қай-
қайсысы да қазақ тілінің сөздік құрамына көптеген жаңалық-
тар əкелді. Əрқайсысының мəңгі таңбаланып, ізі қалды. Сол 
бір кезеңдерде пайда болған терминдік атаулар (социализм, 
революция, кеңес, колхоз, совхоз, бесжылдық, тың игеру, 
халық жауы, аға лейтенант, фронт, тиімділік, сапа, салауат-
тық, нарықтық экономика, егемендік, тəуелсіздік т.б.) 
арқылы біз ел тарихын, халық тарихын оқитындай 
дəрежедеміз. Өмірде болып жататын неше алуан құбылыс, 
қозғалыстардың бəрін өрнектеп, баяндауға алдымен 
ұмтылатын сөздер легі – терминдер. Сондықтан бұлар бір 
есептен алдыңғы шептегі сарбаздар іспетті.
Термин сөздерді қозғалысқа салып, көктемгі қызғалдақтай 
қаулататын тағы бір сала ғылыми-техникалық прогресс 
болып табылады. Тілдегі көптеген терминдердің пайда бо-
луы, негізінен, ғылым мен техниканың өмірге дендеп енуіне 
тікелей байланысты. Сондай-ақ, өнер, білім, оқу, ағарту, 
бас-пасөз бен баспа жұмыстарының қауырт қолға алынуы да 
терминологиялық лексиканың қанат жаюына сеп. Осы тек-
тес сан салада туындап, қолданысқа еніп жататын терминдік 
лексика көбіне-көп игерусіз, өз бетінше өмір кешіп жатады.
Ендеше, еліміз тəуелсіздіктің туын жоғары көтеріп, Бірік-
кен Ұлттар Ұйымына мүше болып отырған қазіргі кезеңде тіл 
тағдырына, оның ішінде əлемдік деңгейде өріс тапқалы тұрған 


6
мемлекеттік тіліміздің дипломатиялық тірегі болуға тиісті 
терминологиялық жүйеге аса зор мəн беру қажет. Осыдан 
келіп ұлттық терминологиямызды түбегейлі зерттеп, оның 
табиғатын ашу қажеттігі туындайды. Байқасақ, тіліміздің 
ғылыми стилін қалыптастыруда аса зор рөл атқаратын бұл 
арнайы лексика күні бүгінге дейін түбегейлі қарастырыл-
маған.
Əсіресе, қоғамдық ғылымдар терминологиясының қалып-
тасу, даму барысын бағдарлаудың мəні тіпті зор деп білеміз.
Қазақ тілінің терминологиялық лексикасы бұл еңбекте кең 
ауқымда қарастырылып отыр. Əрине, бұдан бұрын бірен-саран 
ғылыми еңбектерде, қайсыбір кандидаттық диссертациялар-
да бұл күрделі проблеманың жекелеген мəселелері қозғалды. 
Қоғам өмірінің айнасындай қоғамдық ғылымдар терминоло-
гиясының даму жайын зерттеу арқылы біз бұл кітапта қазақ 
терминологиясының жасалу, қалыптасу жолдарын, тарихи 
кезеңдерін айқындадық. Терминжасам тəсілдері мен заңды-
лықтарын, принциптерін сөз еттік. 
Еңбектің негізгі қорытындылары мен түйіндеулерін түрлі 
терминологиялық сөздіктер түзу барысында пайдалануға 
болады. Сондай-ақ оның қазақ тілінің оқулықтары мен оқу 
құралдарын жазуда, жоғары оқу орындарында мамандар мен 
мектеп мұғалімдерін даярлау барысында септігі болады деп 
білеміз. Жұмыстың практикалық мəні осынысында.
Қазіргі терминтану процесінің негізгі ережелеріне сүйене 
келе жəне көптеген қажетті материалдарды жүйелі зерттеу 
нəтижесінде қазақ тілінде тұңғыш рет терминологиялық 
зерттеу тарихы жан-жақты сөз болды, осы кезге дейін белгісіз 
болып келген қазақ терминологиясының негізін салушы-
лар еңбектері мен ой-пікірлері түбегейлі қарастырылды, 
терминжасамның негізгі көздері анықталды, қоғамдық тер-
миндердің бұрын зерттелмеген құрылымдық жүйесі саралан-
ды, аударма процесі барысындағы терминжасам тəжірибесі 
талданды.


Жұмыс А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инсти-
тутының Терминология бөлімінде жинақталған картотека-
лық қор негізінде жазылды. Мұның үстіне, М. Əуезов атын-
дағы Шымкент педагогика институтының профессоры 
Қ.Бектаев тобымен бөлім арасындағы келісімге сəйкес 
терминологиялық сөздіктер сала-саласымен электронды 
есептеу машинасының сарабынан өткізілді. Ұзын-ырғасы 
60-70 мыңдай сөз техника талқысына түсіп, сұрыпталып, 
жүйеленді. Сонымен бірге жұмыстың жазылу барысында 
күнделікті баспасөз, бұқаралық ақпарат материалдары да 
қамтылып отырды. Біз кітапта қоғамдық жəне гуманитарлық 
деп аталатын өзара тығыз байланысты салаларды жігін ажы-
ратпай, белгілі бір тұтастықта қарастыру қажет деп шештік.
Сонымен, қадірлі оқырман, қазіргі қазақ терминология-
сы хақындағы зерттеу еңбегі сіздердің қолдарыңызда. Қал-
қадерімізше мəселенің кең ауқымын қамтып, тың пікір айтуға 
тырыстық. Кітап жөніндегі жанашырлық пікірлеріңізді 
авторға немесе баспаға жолдасаңыздар – алғыстан басқа 
айтарымыз жоқ.


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет