Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет111/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

даярлығына қызықпай (астын сызған біз), ана тілімізден 
қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің əдебиеті-
міздің тілі таза болады» (А. Байтұрсынұлы. Ақ жол. Алматы, 
1991. 350-351-бб.).
Ал Х. Досмұхамедұлы жат сөздерді қабылдау жөнінде 
былай дейді: «Тілге кірген жат сөздер сіңу үшін, тілге 
«өздік» болуы үшін сол тілдің заңымен өзгеріп, танымас-
тай халге келуі керек. Бүйтпесе жат сөздер бұралқы болып, 
тілдің шырқын бұзады, тілге зиян келтіреді. Жат сөздерді 
қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге лайықтап 
алу керек. Жат сөздерді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер 
дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады». Осындай талғамсыз 
да талапсыздығымыздың нəтижесінде, біз тілімізге ин-
тертерминдерді қаптатып алған екенбіз. Бұл бір қарағанда 
ана тілге жасалған шапқыншылық сияқты. Неге десеңіз, 
жат дыбыстарға мініп келген жасақ сияқты жат сөздер саны 
қазір сөз байлығымыздың 70-80% шамасын құрайды. Сон-
да барған сайын дамып, кең қанат жаюға тиісті деген төл 
байлығымыздың тынысы күннен-күнге тарыла түсіпті. Қазақ 
тілінің қадірінің кете бастауының бір себебі осыдан да болар 
ма екен дейсің.
Дайын терминдерді сол күйінде қабылдау, біріншіден, 
елді ізденгіш, еңбекшіл қабілетінен айырады, екіншіден, ана 
тілінен безінуге бастайтын төте жол. Бұл тіл байлығыңның 
70-80%-і жат сөздер болып отырса, онда өзге түгілі жап-
пай орысша сауаттанған қазаққа қазақ тілінің қажеті қанша.


360
Баз біреулер ғылым тілі дамымай отыр десе, енді біреу-
лер «ойбай, не сен айтасың, ғылым тілі бізде əлдеқашан 
қалыптасқан» деп өрекпиді.
Біріншілері, ғылыми ұғымдарға негіз болар байлықты өз 
тілімізден тауып, соны қолданысқа қоса алмай отырғанын 
айтқысы келсе, екіншілері əлгі 70-80%-ті мақтан етеді. Ол 
80 пайыздың өзі де əлі ғылыми оралымға енбей, іске жара-
тылмай отырғанымен жұмыс жоқ. Ал алда-жалда қазақта 
жазыла қалған жаратылыстану ғылым саласындағы еңбек-
тің бірін оқып көріңіз. Одан қазақ тілінің байлығын емес, 
оның əбден шұбарланғанын көресіз. Міне, ғылым тілінің 
бүгінгі сиқы осы.
Əрине бұл айтылғандардан қазақ терминологиясын қа-
лыптастыруда жартымды ештеңе жасалмаған екен ғой деген 
қорытынды тумасқа керек. Отызыншы, кейін 50-60-70-жыл-
дары əлденеше сөздіктер түзіліп, жүздеген терминдер Мем-
терминком арқылы қолданысқа енді. Терминжасам ісімен 
тікелей айналысқан авторлар да бар. Осы шаруаның басы-
қасында болған І. Кеңесбаев, М. Балақаев, І. Жарылғапов, 
Қ. Сағындықов, О. Жəутіков, Б. Бірімжанов, А. Əбдірахманов, 
Ə. Қайдаров, Ө. Жолдасбековтердің еңбегі зор екені даусыз.
Алайда күні бүгінгі дейін толассыз жүргізіліп келе 
жатқан бұл ісіміздің негізінен қате принциптерді ұстанға-
нын байқаймыз. Байқаймыз да, қазақ тілінің «орыстануына» 
тікелей өзіміз себепші болғанымызға күйінуге тура келеді. 
Неге десеңіз, сонау 1935 жылдан бастап қазақ тілінде тер-
минжасам қазақ тілінің емес, орыс тілінің заңдылығын 
сақтау принципін көздеумен келген екен. Яғни «орыс тілі-
нен жəне орыс тілі арқылы келген терминдердің бəрін 
мұртын бұзбай», қаз қалпында қабылдап келгенбіз. Бұған 
мысал келтіріп жатудың қажеті бола қоймас.
Өйткені қай сөздікті қарасаңыз да интертерминнен аяқ 
алып жүре алмайсыз. Жəне олар түп негізін, түрін сақтай 
отырып қазақ тілі сөздік қорының заңды жүйесіне орасан 
зор нұқсан келтірді. Олармен бірге қазақ тіліне мүлде керек-


361
сіз əріптер келіп енді. Сонымен бірге тіліміздің айтылу, жазу 
нормасы бұзыла бастады. Мұның бəріне себепші болған үш 
түрлі құжаттан үш үзінді келтірсек жеткілікті болар.
Қараңыз: 1. «Халықаралық терминдер орысша қалай 
алынса, қазақша да солай алынады» (1935 ж. 23 шілде, 
Қазақстан Халық Комиссарлар Советінің 812-ші қаулысы»; 
2. «… қазақ тілінде баламасы жоқ шетелдік жəне орыс 
терминдері аударылмай алынатын болсын, бұлардың жазы-
луы орысша болсын» (БК(б)П Орталық Комитетінің В.И. 
Ленин мен И.В. Сталин шығармаларын қазақ тіліне аударуға 
байланысты 1947 жылғы арнайы қаулысы); 3. Сондай-ақ 1983 
жы-лы біраз өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Қазақ 
тілі орфографиясы негізгі ережелерінің» 18-параграфында 
«Орыс тілінен енген атау сөздердің тұлғасы сақталып, 
орыс орфографиясы бойынша, өзгерілмей жазылады» деп 
заңдастыра түскен екенбіз. Сонда біз емле ережелерін қай 
тілдің қамын ойлап түзіп отырмыз деген ой келмей ме?
Сөйтіп термин жасауда жіберген кемшіліктерден күні 
бүгінге дейін арыла алмай отырмыз. Бұдан айығудың амал-
дары бар ма дегенде өткен жылы «Егемен Қазақстан» 
газетінде жарияланған академик Ə.Т. Қайдаровтың «Қазақ 
тілі терминологиясына жаңаша көзқарас» деген мақаласына 
иек артамыз. Бір өкініштісі, содан бері де біраз уақыт 
өткенмен бұл жөнінде селт етіп, үн қосқан пікірдің мүлде 
селдірлігі.
Біздің ойымызша, бұған назар аудармауға болмайтынын 
бүгінгі күннің зəру мəселесін аумағымен алып қарастырған 
өте құнды еңбек. Автор терминжасам принциптерін 
түбірімен түгел қайта қараудың қажет екенін айта келе, 
нақты өз ұстанымын ұсынады. Пікірсайысына шақыратын 
да тұстары бар. Біз профессор Ə. Қайдаровтың бұл «жаңаша 
көзқарасын» негізінен қуаттай отырып, қайсыбір тұстардағы 
өзіміздік топшылауларымызды ортаға сала кеткенді жөн 
көріп отырмыз.


362
Автор терминжасам «шаруашылығына» байланысты ой-
ларын баяндай келе, оны он бір принцип негізінде түйіндейді. 
Бұлардың біразы Қ. Жұбановта да, Н. Сауранбаев пен 
С. Бəйішовте де, М. Жанғалин мен Қ. Сағындықов пайым-
дауларында да кездеседі.
Алайда автор бұлардың бəрін ой елегінен өткізе отырып, 
мүлде жаңа баптар енгізеді.
Міне, осыларды сарапқа сала келе, біз қазақ тілінде тер-
мин жасаудың он бір емес, негізінен бес принципті бой 
көрсететінін байқайтынымызды баяндамақпыз.
Тілдік материалдар ары кеткенде алты, жеті принцип 
шеңберінен шықпайтын тəрізді. Шынтуайтқа келгенде 
əңгіме бұл принциптердің санында емес, мəнінде ғой.
Қысқасы, бірінші жəне ең негізгі принцип ретінде біз 
қазақ тілі сөз байлығын барынша сарқа пайдалану деп 
білеміз. Басында айтылғанымен осы принципке жете мəн 
берілмей келгенін несіне жасырамыз.
2. Терминжасамда тіл байлығын сарқа пайдалану прин-
ципі сарқылған кезде екінші бір қазынаның көзі ашылуға 
тиіс. Ол түпнегізі бір түркі тілдері. Біз күні бүгінге дейін 
бұл байлығымызды да ескермей келдік. Ендеше түркі тіл-
дері сөз байлығын сарқа пайдалану принципін естен 
шығаруға мүлде болмайды.
3. Қазақ тілі арнайы лексикасының құрамын байыта тү-
суге тиісті бір принцип, ол интернационалдық терминдерге 
байланысты мəселеден туындайды. Өрескел қателіктер осы 
интертерминдер негізінде орын алып келгені мəлім. Мұны 
қабылдаудың үш түрлі жолы бар сияқты. Ол, біріншіден, 
интертерминдердің мағынасын дəл беретін балама табу; 
екіншіден, оларды сөзбе-сөз аудару, калькалау; үшіншіден, 
мұның ешқайсысына көнбеген интертерминдердің тұлғасын 
өзгертіп, қазақ тілінің заңдылығына бағындыра қабылдау.
4. Қысқарған терминдер жасау принципі. Мұнда да 
негізінен өз байлығымызды сарқа пайдалана отырып, өзге 


363
терминдерді өзіндік етіп алудың жолдары қатты қарас-
тырылып отыруы керек.
5. Академик Ə. Қайдаров көрсетіп отырған шарттылық 
принципі. Сөз жоқ бұл терминжасам ісінде өзіндік орны 
бар принцип. Термин негізінде белгілі бір қалыпқа түсіп, 
соны қатып ұстайтын арнайы лексикалық қабатты құрайтын 
болғандықтан да шарттылық болмай тұрмайды.
6. Терминдер, сондай-ақ жазу принципіне қарай бе-
йімделетін болғандық, олардың тағдыры емле ережелеріне 
де байланысты. Яғни бұдан терминдерді жазу принципі 
шығады. Бұл салада да шалағайлықтарымыз жетіп жатыр.
7. Бұл шаруаның бəріне де мемлекет тарапынан үздіксіз 
қамқорлық қажет-ақ. 
Мұны Əбдуали Туғанбайұлы көрсеткендей, негізгі прин-
циптер қатарына қосса да, қосылса да болады деп есептейміз.
Міне, қазақ терминологиясын тіліміздің ішкі болмысына 
орай жасап қалыптастырамыз десек, осы айтылған прин-
циптер негізінде қыруар жұмыс істеуге тура келеді. Өйткені 
тіліміз əлі қалыптасу, даму кезеңін бастан өткеріп біткен 
жоқ. Мүмкіндігі сарқылар да түрі жоқ.
Осылардың бəрін баяндай келгенде терминология 
«шаруашылығымызды» жөнге келтіру үшін не істеу керек 
деген сұрақ туындайды. Біздің ойымызша мынадай шара-
ларды жедел түрде қолға алу керек. 
1. Терминология – ғылым мен техника тілін дамытатын 
лексиканың бірден-бір күрделі қабаты. Бұған иелік жасай-
тын бір мекеме болса, ол – Ұлттық Ғылым академиясы 
болу керек. Түзілген, түзіліп жатқан, енді түзілетін терми-
нологиялық сөздіктер материалының ғылыми негіздерін 
қарастыратын ғалымдар болмағанда кімдер болу керек. 
Ендеше осы игі шаруаны қолға алып, қадағалап отыра-
тын Ұлттық Ғылым академиясы төралқасының жанынан, 
тікелей президенттің өзі басқаратын барлық терминолог-
ғалымдардың күшін бір жерге түйістіретін Ғылыми 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет