Терминологиясы


ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ ТҰТАСТЫҒЫН ТІЛ БЕКІТЕДІ



Pdf көрінісі
бет109/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ ТҰТАСТЫҒЫН ТІЛ БЕКІТЕДІ 
(ортақ жазу жəне ортақ ғылыми атаулар хақында) 
1. Алла тағаланың мейір-шапағатының арқасы болар
əсіресе соңғы он бес жылда түркі тілдес халықтар өзінің 
түпнегізіне тереңдеп, ортақ дүниесін ортаға сала бастады. 
Мұндай ортақтастық заттық (материалдық) жəне рухани 
мəдениет салаларында анық аңғарылады. Соларды зерт-
теп, оның əралуан үлгілерін саралап көрсету үшін түркі 
жұртшылығы ғалымдарының жүйелі түрдегі бірлескен іс-
қимылы мен сауатты əрекеті керек. Ол үшін осыған дейін 
əр елде əр алуан күй кешіп, өз халынша еңбек етіп жатқан 
əрқилы қоғам, ұйым, одақтардың басын бір арнаға біріктіріп, 
түркі халықтарының өз мүддесіне сай жоспарлы түрде еркін 
жұмыс істей алатын ғылыми, мəдени зерттеу орталығы жа-
йында түбегейлі əңгіме қозғайтын мезгіл жетті. 
2. Түбі бір түркі халықтарын бірінен-бір алшақтатқан 
тарихтың талай теперіші болды. Соның ішінде жазу алшақ-
тығының алар үлесі тым мол. Қараңыз, отыздан астам туыс 
тілдер осы жазу түрлілігінің кесірінен 70-80 жылдың ба-
рысында тіпті бірін-бірі түсінбейтін күйге жетті. Араб, ки-
риллица, латын т.б. жазуларының сан құбылған нұсқаларын 
мұра тұтқан түркі тілдері туыстық негізде дамудың орнына 
бірінен-бірі оқшауланып, дараланып, тұмшалана түскені 
мəлім. Түркі халықтары негізінен дербестікке қолы жетіп 
отырған бүгінгі таңда осы бір орасан олқылықтың орнын тол-
тыруды ойластырғаны абзал. Бұл тарихи шанс. Егер біз мұны 
дер кезінде пайдаланып қалмасақ, кейін кеш болуы мүмкін. 
Сондықтан жазу, сызуы ертеден жүйеленіп қалыптасқан 
түркі тілдерінің негізгілері латын жазуын мирас етіп отырған 
қазіргі тұста бəріміздің осы үйірден табылғанымыз жөн. 


354
Əрине түркі жұртшылығының мəдени тарихын қаузап 
қарасақ, ол сонау V ғасырдың өзінде-ақ орхон-енесай деп ата-
лып кеткен өз жазуын өркендеткен ел. Егер өз жазуымызды 
сол негізде өрбітер болсақ, бұл ата-баба тарихы алдындағы 
перзенттік парызды өтеген болар едік. Алайда өкінішке қарай, 
қоғам тарихы басқаша бетпен кетті, өз жазуымызды өзіміз жат 
санайтын өзгеше бір заманға жеттік. Əйтсе де бұл жазудың 
қайта түлейтін заманы алда екені даусыз. Келер ұрпақ бұған 
соқпай өтпейді. Өмірдің қазіргі даму заңдылығы бізге латын 
жазуын бұйыртып тұрғандай. Əзірге осы алфавит негізіндегі 
жазуымызды жүйелеу арқылы түркі жұртшылығын түгел-
деп алғанымыз абзал. Мұны қалыптастырып жүйелеуде 
де шешім күтіп тұрған мəселелер жетерлік. Бұларды да 
ортақтаса, бас біріктіре ғылыми парасатқа сала отырып 
қарастыру қажет. Түркі халықтарының əлемдік парасат 
биігінен көрінер тағы бір тұсы осы. Жазуды ортақтастыру 
арқылы біз түркілік тұтастығымызды бекіте түсетін бола-
мыз. Ортақ мұраларымыз бен рухани игілігіміздің байы-
бына барып, иелік жасай алатын боламыз.
3. Үнемі назарда тұрар тағы бір іргелі мəселенің бірі – 
ғылыми ізденістер жүйесіндегі ортақтастық. Яғни қалып-
тастырған жазу негізінде жүргізілетін ғылыми зерт-
теу жұмыстарының негізгі құрылыс материалы – 
терминологиялық лексиканы жүйелеу мəселесі. Бұл жерде 
əңгіме ортақ тіл (кейбіреулер əңгіме етіп жүргендей) жа-
йында емес, ортақ терминологиялық жүйе жайында бо-
лып отыр. Егер, түркі тілдес халықтардың зиялы қауымы 
келісім алаңына жиналып, парасаттылық танытар болса, бұл 
мəселені шешуге де толық мүмкіндік алар еді. 
Сондағы біздің көздеп отырғанымыз мынадай үш негіз: 
а) түркі тілдерінің көбіне ортақ неше алуан туынды сөздер 
жасауға негіз болатын түбірлер. Мұның саны едəуір жəне 


355
бұлар кез келген түркі тілдерінен кездеседі. Соларды кез кел-
ген тілден тек саралап, жүйелей біл, талғай біл; 
ə) түркі тілдеріне əр дəуірде еніп, сіңісіп кеткен кірме 
сөздер. Олар – араб, парсы, моңғол, орыс сөздері. Мұның 
үстіне кейінгі бір ғасырға жуық мерзімде орыс тілі арқылы 
тілдерімізге көп күштеп ендірілген интернационалдық тер-
миндер. Бұлай деп отырғанымыз, əлгі термин сөздер орыс 
тіліндегі пошымын бұзбай, яғни өзге тілдің заңдылығын 
сақтай енгізілгендіктен. Біз емле ережелеремізді де осы 
ыңғаймен, яғни орыс тілінің үлгісімен түздік. Сөйтіп 
тіліміздің айтылу, жазылу заңдылықтарына айтарлықтай 
нұқсан келтіріп алдық. Енді осыларды жаңаша игеріп, рет-
теуде де өзара ортақтаса шешілетін мəселе туындауда. Енде-
ше бұл жөнінде де кеңес қажет-ақ; 
б) əрбір тілдің ғасырлар, жылдар бойы қалыптасқан 
өзіндік сөзжасам үлгілері, яғни əрбір тілдің өз байлығын 
сарқа пайдалану мүмкіндігінің де оңашалыққа ғана емес, 
ортақтыққа қарай жетелейтін мысалдары мол. Міне, бұл 
жерде де сауаттылық пен сарамандық қажет. Осы айтыл-
ғандарды негізге ала отырып, түркі тілдерінің бəріне ортақ 
үлгіні жасауға əбден болады деп білеміз. 
4. Қозғалып отырған мəселені ғылымның кез-келген са-
ласы бойынша тарата əңгімелеуге болады. Мəселен, ме-
дицина саласын алалық. Медицина ғылымы неше алуан 
салалар мен тармақтардан тұратыны мəлім. Соның қай 
бөлігінде де жүйелеуді, реттеуді күтіп тұрған мəселесі 
қыруар. Мемлекеттік тілді ғылым тіліне айналдырудың 
түбегейлі мəселелері қарастырылып жатқан қазіргі кезде бұл 
шаруаның көкейтестілігі тіпті анық. Тəуіп, емші, сынықшы, 
ұшықшы, тамыршы т.б. тəрізді толып жатқан ұғымдардың 
өзі-ақ мемлекеттік тіліміздің өрісін бұл салада да кеңейте 
түсуге болатынын байқатпай ма? Тек ізденімпаздық ке-


рек. Жоғарыда сөз болған түбірсөз де, кірме сөздің де, 
сөзжасамның сан түрін танытар төл байлығымыз да медици-
на саласында мол, олардың талай терминге негіз болары хақ.
Медициналық терминдерге бұрын да негіз болған, қазір 
де негіз боларлық сан мыңдаған өсімдік атаулары мен мал 
атаулары, дене мүшелері, ас, тағамды білдірер сөздерді біз 
түгел игердік деп айта аламыз ба? Осы игілікті игерудің 
неше алуан заңды жолдары мен принциптері саралан-
бай тұрып медицина ғылымының да ұлттық тілде дамуы 
неғайбіл. Ендеше бұл ғылым мамандарының алдында да 
өзге тіл ғалымдарымен ортақтаса, кеңесе шешер мəселелер 
баршылық. Мынадай жиындар зиялы қауымды осындай 
ортақтастыққа жетелесе керек. 


357


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет