112
Саяси-əлеуметтік өмірге байланысты
мизам, жамиғат, куə,
мүдде, мұрат, мақсұт, арыз, қарар сияқты сөздер, оқу-
ағарту, медицина саласында күнделікті өмірге байланысты
мəслихат, табиб, кираат, нисап, майдан, маһир, тəржіме
тəрізді сөздер қолданылған. Жоғарыдағы мысалдардан анық
көрінетініндей, бұл сияқты сөздер «Айқап» бетінде алғаш
жұмсалып отырған жоқ, тек «Айқап» журналы оларды жаңа
мағынада, мағыналық реңкте қолданған.
Əрине, «Айқап» бетінде ұшырасатын араб, иран тілдері-
нен ауысқан сөздердің саны, қолданылу шеңбері берілген
мысалдармен ғана шектелмейді. Біз соның ішінде басты-
бастылары-ау дегендерін ғана алдық. Осы мысалдың өзінен
кірме сөздердің қолданылу қажеттілігі мен аясы бірдей
емес екендігін көре аламыз.
«Айқап» тілінде
миллəт пен
ұлт сөздері жанаса қолда-
нылған.... Осындай
ұлт ғамы үшін ашылған оқуханаға
ақша күшіменен һəмтіл күшінен жəрдем беруін халықпен
жүз салыб өтінді («Айқап», 1914, №5, 1-б.). Бұл екі сөздің
жарыса қолданылуы 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз
тілінде де кездесіп отырады. Бірақ кейінгі жылдарда жазба
əдеби тілінде осының ұлт сыңары толық орнықты. Ондай па-
раллель сөздердің саны «Айқапта» да, «Қазақ» газетінде де
жетерлік.
Сауал – сұрау, тамам болмаса – бетпесе, кнеге–
Достарыңызбен бөлісу: