Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет56/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

күрес, кеш, еңбек, жарыс, мүше, ер, батыр, шешен, жоспар, 
тəртіп, жоба, кеңес, мазмұн, түр, атақ, дəреже, даңқ, 
бұйрық, сын, тап, мəжіліс, мəслихат, оқу, өнер, білім, ғылым, 
мектеп тəрізді толып жатқан сөздердің терминдік сапаға 
көшуін біз осы мəністік (семантикалық) тəсілге жатқызамыз. 
Келтірілген мысалдың көбі тіліміздің байырғы лексика-
сына жатады да, біразы əбден сіңіп, төл сөздер қатарынан 
орын тепкен араб, парсы кірмелері. Бұлардың терминденуі, 


165
арнайы мағыналық жүк арқалап, ғылыми ұғым құралына 
айналуы əр алуан ойларға жетектейді. 
Қоғам сөзі о баста белгілі бір адамдар тіршілігінің уақыт-
ша бірлестігі, қауымдасуы мағынасында туған болса, бұл 
сөздің осы замандағы мағыналық шеңберінде күрделі 
өзгерістер болғаны мəлім. Ең алдымен, қоғам сөзі терминдік 
нақты мəнге ие болды, атаулық мағынасы бұрынғыдан 
əлдеқайда кеңейді. Өзгеше терминдік сапаға көшіп, əдеби 
тіліміздің нормаланған, тұрақтанған элементтерінің біріне 
айналған бұл сөзге «Қазақ тілі түсіндірме сөздігі» мен «Қазақ 
Кеңес энциклопедиясында» мынадай анықтама беріледі: 
«1. Тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі адамдардың 
материалдық игіліктерді өндіру тəсілімен өндірістік қа-
тынастарына негізделген қарым-қатынасының жалпы 
жиыны.
2. Өндірістік қатынастар негізінде қауымдасқан адам-
дардың бірлігі, жиынтығы.
3. Ынтымақтас, ниеттес адамдардың ортақтасқан қауымы. 
4. Əлеуметтік топ, орта, бір ағымдағы жұртшылық. 
5. Шығармашылық одақ, ерікті бірлестік, ұйым» (ҚТТС.
Алматы, 1982, 6-т.). «Адамдардың материалдық жəне рухани 
өмірін диалектикалық бірлікте, өзара байланыста көрсететін 
философиялық ғылыми категория» (ҚСЭ. Алматы, 1975).
Семантикалық тəсіл арқылы терминдік сапаға көшкен 
бұл саяси терминнің қолданыстағы өзгеше өрісін жете 
түсіну үшін осы сөз арқылы туындаған көптеген ғылыми 
терминдерді саралап шығу керек. 
Осы сөздің қатысуымен жасалған терминологиялық 
ұғымдардың əлі де толық емес түрлері мыналар: Қоғамдық 
ғылымдар академиясы, қоғамдық айыптаушы, қоғамдық 
еңбек, қоғамдық еңбекті ұйымдастырушы, қоғамдық 
жиынтық өнім, қоғамдық заңдылық, қоғамдық ин-
спектор, қоғамдық интернат, қоғамдық капитал, 
қоғамдық қатынастар, Қоғамдық қауіпсіздік комитеті, 
қоғамдық қорғаушы, қоғамдық құрылыстар, Қоғамдық 


166
құтқару комитеті, қоғамдық меншік, қоғамдық өндіріс, 
қоғамдық өнім, қоғамдық пікір, қоғамдық сана, қоғамдық 
тамақтандыру, қоғамдық тұтыну қорлары, қоғамдық 
тұтыну құны, қоғамдық ұйымдар, қоғамдық шарт, қоғам-
дық экономикалық талдау бюросы, қоғамдық экономика-
лық формация, қоғамдық материалдық-техникалық база, 
қоғамдық саяси ұйым, қоғамның таза табысы, антого-
нистік қоғам, буржуазиялық қоғам, коммунистік қоғам, 
социалистік қоғам, феодалдық қоғам т.б.
Сонда «қоғам» атты бір ғана сөздің терминденуі ар-
қылы əлденеше терминдік тіркес қатары пайда болғанын 
көреміз. Бұдан шығатын түйін: қайсыбір сөздерді семан-
тикалық тəсіл арқылы терминге айналдыру өзге де термин-
дік ұғымдар қатарының жасалып, молая түсуіне мүмкіндік 
ашады деген сөз. 
Немесе «Отан», «орта», «отар», «ошақ» сөздерінің 
семантикалық қозғалысын алалық. 
Отанның о бастағы мағынасы біреудің туған үйі, 
шаңырақ немесе ары барғанда туған ауылы дегенді ғана 
білдіретін. Мысалы: Күнзия бір үйдің кенжесі еді, бір 
отанның еркесі еді» (З. Шүкіров). Бұл жолдасы адам болып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет