215
«Бұл ауру бек жұқбалы дүр, аурудың
жұқбалы құрты
ауырған малдың тұла бойында болады» («Малда болатын
жұқбалы аурулардың, һəм оларға қарсы ғамал қолдану
хақында», 3-б.). Əрине,
оба құрттары, қышыманың құрты,
чуманың құрты, жұқпалы құрт сияқты терминдік мəні
бар тіркестердің жасалуында орыс тілінің əсері бар екені
айқын.
Медицина, биология əдебиеттерінде орыс тілінің əсері-
нен туған басқа да көптеген терминдік сөз тіркестері
қолданылған. Мысалы,
жұқпалы ауру, терінің жұқпалы
ауруы, табиб ғылыми т.б.
сөз орамдары орыс тіліндегі
заразная болезнь, кожная заразная болезнь, медицинская
наука дегендердің тікелей ықпалымен туған. «Табиб
ғылымында айтылған сөз бар:
оба менен ауырган адам-
ларның өзлері хауіпсіз деб» («Афатякихолера əңгімесі», 4-б.).
«
Қышыма терінің жұқпалы ауруы» («Қышыманың тура-
сында», 3-б.). «Сол жылдан бері тек обадан ең кемі 2-3 мил-
лион адамдар өлді» («Обадан қалай сақтану», 3-б.). «
Оба
құртдары қатты ыссыдан һəм құрғақтықтан өледі,
бірақ
қандай мықты суықтанда өлмейді» (Сонда, 4-б.). Соңғы екі
мысалдағы сын есімнен кейін тұрған анықталушы сөздің
көптік жалғауын жамылып тұруымен
мықты суық тіркесі
қазақ тілі мəдениеті тұрғысынан онша ұтымды жасалған
тілдік единица емес. Алдыңғысы
қазақ тілі нормасына
мүлдем қайшы, соңғы тіркес мағынасы əдетте («от сильных
морозов»)
қатты суық, я аяз сөздерінің тіркесуі арқылы
беріледі. Əсіресе, бір мағынада, бірақ əр тұлғадағы па-
раллель сөз тіркестерінің қолданылуы да бұл кітапшалар
тілінен белгілі дəрежеде ұшырасып отырады. Сондайдың
бірі – ауыру етістігінің əр
септік жалғауларын, бірде
көмектес, бірде шығыс тұлғаларын меңгеруі болып келеді.
Ондайлар тіпті бір шығарманың өз ішінде де кездесіп оты-
рады. Мысалы, «өзін-өзі жақсы ұстамайтын, өлшеусіз ішін
бұзғандай қылыб тамақ һəм арақ ішетін адамдар обадан
жылдам ауырады... Сол себебі ол
адам обамен ауырғанын
216
білмей, сау кісілермен бірге асаб, ішіб һəм жатыб тұруымен
оларға жаяды» («Обадан қалай сақтану», 5-6-бб.). «Ол ау-
рудан ксилердиң ауратугуны бизге тамаша емес» («Глазная
болезнь трахома», 9-б.). «Мұндай ауруменен ауырғанның
жартысы өлуде» («Афатякихолера əңгімесі»,2-3-бб.). «Егер-
де адам осындай ғаламатбен аура қалса, жылдам доқторға
хабар беру керек... Чумадан ауырады – балада, үлкенде,
еркекте, һəм əйелде» («Адамның чумасы турасында», 4-
8-бб.). «Қышымадан ауырғандар қышыған жерлерін қаси-
қаси қанатады» («Қышыманың турасында», 8-б.). «Маң-
қадан ауырған жылқыларның екі танауынан ірің ағады»
(«Малда болатын жұқпалы аурудың һəм оларға қарсы қалай
ғамал қолдану хақында», 6-7-бб.).
Бұндағы
аурумен (обамен, қышымаман т.б.)
ауыру деген
тіркес үлгісі, сөз жоқ, орыс тілінің тікелей əсер-ықпалынан
туған, орыс тіліндегі «болеть (заболеть) чем» конструкция-
сынан калька арқылы аударылып алынған. Бұл тіркес үлгісі
қазіргі жазба тілімізде де, 20–30-жылдардағы баспасөз,
əдебиеттер тілінде де көп қолданылып жүр:
гриппен ауыру,
Достарыңызбен бөлісу: