23
Тілдік терминдер былайша жіктеледі.
І. Термин сөздер (терминдік мəндегі сөздер). Бұлардың
өзін бірнеше топқа бөліп қарау керек:
а) түбір тұлғалы терминдер:
бал, бас, газ, йод, бор, лак,
өт, алтын т.б.;
ə) туынды түбір терминдер:
жазушы, бастауыш, баянда-
уыш, тракторшы, көрермен, қондырғы, есірткі, көрме т.б.;
б) күрделі термин (сложные термины):
үшбұрыш, екі-
тілділік, темір-бетон, радиоактивтілік т.б.;
в) қысқарған күрделі терминдер. Мұның өзін бірнеше
топқа бөлуге болады:
1) буын қысқарту арқылы біріктіріп жасалған терминдер.
Мұнда көбінесе екі сөздің басқы буындары біріктіріледі:
колхоз, совхоз, обком т.б.;
2) аралас типті күрделі терминдер. Бұлар, əдетте, бір
сөздің басқы буынын не сол сөзді тұтас басқа бір сөздердің
басқы дыбыстарымен біріктіру арқылы жасалады:
райпо –
районное потребительское общество, сельпо – сельское по-
требительское общество, райфо – районный финансовый
отдел т.б.;
3) қысқартылған сөздерден жасалған аббревиатуралар:
ГЭС, ВЦСПС, СОКП, БЛКЖО, МТС т.б.
ІІ. Сөз тіркесі түріндегі терминдер.
а) еркін тіркесті терминдер. Мұның құрамындағы əрбір
компонент жеке тұрып термин бола алады. Ол басқа терми-
нологиялық сөз тіркесінің қатарына енуі де ықтимал. Мы-
салы,
күкіртті азот, азотты алюминий. Кеңес Одағы,
Коммунистік партия, еңбекші бұқара, Жазушылар одағы т.б.;
ə) еркін емес тіркесті терминдер, яғни бұлайша тіркескен
терминдер құрамындағы сөздердің бəрі бірдей жеке тұрып
термин бола бермейді. Олар дəл осы тіркесім түрінде ғана
терминдік қызмет атқарады. Мысалы,
қызыл бұрыш, ақ отау,
Достарыңызбен бөлісу: