Күйдіретін қалақаймен (жгучая крапива). Тұнбасын дайындау үшін оны арақпен 1:5 қатынаста жақсылап араластырады да, қоспаны біраз уақыт тұндырып қояды. Дайын тұнбаға бинтті батырып, күйген жерге басады
Күйдіретін қалақаймен (жгучая крапива). Тұнбасын дайындау үшін оны арақпен 1:5 қатынаста жақсылап араластырады да, қоспаны біраз уақыт тұндырып қояды. Дайын тұнбаға бинтті батырып, күйген жерге басады.
Күйдіретін қалақаймен (жгучая крапива). Тұнбасын дайындау үшін оны арақпен 1:5 қатынаста жақсылап араластырады да, қоспаны біраз уақыт тұндырып қояды. Дайын тұнбаға бинтті батырып, күйген жерге басады.
Қалақайдың гүлдерінен тұнба жасау үшін 30 грамм қалақай гүліне 1 литр қайнаған су құяды. Үш сағаттай тұндырады. Сосын сүзгіштен өткізеді. Дайын тұнбаны терінің сыртына компресс түрінде пайдаланады.
Зығыр майымен. Бір қасық зығыр майына соншалықты мөлшерде кілегей, бір қасық лимон шырынын, бір жұмыртқаның ақуызын қосады, араластырады. Оны күйіктің үстіне жағып орайды. Мұны күніне 3-4 рет ауыстырып отырады.
Жұмыртқамен. Терінің күйген, ауырған аймақтарына шикі жұмыртқаны жағады. Ол үшін жұмыртқаның ақуызы да, сары уызы да пайдаланыла береді. Жұмыртқаны теріге кеппей жатып, үсті-үстіне жағады. Бұл емді ауру сезімі басылғанша жалғастырып, ауырған жерді жайлап жуады.
Үсік - тәуліктік орташа температура 0°С-тан жоғары кезде түнде немесе таңертең, көктемде немесе күздеауа температурасының теріс мәнге дейін төмендеуі. Үсік суық ауа массасының (адвекциялық үсік) басып кіруінен немесе топырақ пен өсімдік жамылғысы бетінің түнгі суынуынан (радиациялық үсік) пайда болады
Статистика бойынша адамдардың қаза болуына және аяқ-қолын кесуге әкеп соқтыратын барлық ауыр үсінуге шалдығулар күшті алкогольдік мас болу салдарынан болатындығы көрінеді.
ІІ дәрежелі үсіну ұзақ уақыт суық әсер етуінен болады. Оған аса тән белгі – зақымданудан кейінгі бірінші күні түссіз сұйықтық толған көпіршіктің пайда болуы. ІІ дәрежелі үсінуден соң ауруды І дәрежелі үсінуге қарағанда ұзағырақ және тереңірек сезінеді, тері қышиды және ауырады.
Үсінудің І дәрежесі (аса жеңілі) аз уақыт суық әсер етуінен болады. Терінің жаны кетпейді. Ондай үсінуге шалдығудың бірінші белгісі – зақымданған жерлердің жансыздануына әкеп соқтыратын күюді, шаншуды сезіну. Содан соң тері қышиды және ауырады, олар аса мәнді және аса көрнекті болмауы мүмкін.