Табиғатта энергия U жоқтан пайда болмайды және жоғалмайды, ол тек бiр түрден екiншi түрге ауысады. Термодинамиканың бiрiншi заңы. Ішкi энергияның өзгерiсi жүйеге берiлген жылу мөлшерi мен сыртқы күштердiң жұмысының қосындысына тең:
ΔU = A + Q.
Егер жүйе жылу өткiзбейтiн болса (Q = 0) және ол механикалық жұмыс атқармаса (А=0), онда ΔU = 0, немесе U1=U2: тұйық жүйенiң iшкi энергиясы өзгермейдi (сақталады). Термодинамиканың бiрiншi заңынан, ешқандай энергетикалық шығынсыз шексiз мөлшерде жұмыс жасай алатын қондырғыны – мәңгiлiк двигательдi жасап шығару мүмкiндiгiнiң терiстiгi шығады. Шын мәнiнде, егер жүйеге жылу берiлмесе (Q = 0 ), онда жұмыс A iшкi энергияның азаюы есебiнен ғана жүзеге асар едi: A = ΔU. Двигатель, энергия қоры таусылғаннан кейiн, жұмысын тоқтатады. Термодинамиканың екiншi заңы энергетикалық түрленулердiң бар болу мүмкiндiгiнiң бағытын көрсетедi.
Салқынырақ денеден ыстығырақ денеге жылуды тасымалдау, екi жүйеде де немесе қоршаған ортада бiр мезгiлде басқа өзгерiстер жасамайынша, мүмкiн емес. Қайтымсыз процесс - өз бетiнше тек бiр бағытта ғана өтетiн процесс.
ЕКІНШІ РЕТТІ МӘҢГІ ҚОЗҒАЛТҚЫШ ЖАСАУ МҮМКІН ЕМЕС.
Термодинамиканың екінші заңы мүмкін болатын энергетикалық түрленудің бағытын көрсетеді және сол арқылы табиғаттағы процестердің қайтымсыздығын білдіреді. Заңның сырттай өзгешелігіне қарамастан, негізгі мағынасы бір, сондықтан тең түсетін бірнеше тұжырымдамасы бар.
Кельвин тұжырымдамасы:
Салқын жүйеден жылу алып, оны жұмысқа айналдыратын машина жасау мүмкін емес
Жекелеген жүйені сол жүйенің температурасынан төмен температурада суыту арқылы үздіксіз жұмыс жасау мүмкін емес
Изобаралық процесс - берiлген газдың қысымы тұрақты болғанда жүретiн процесс.
Изотермалық процесс - берiлген газдың температурасы тұрақты болғанда жүретiн процесс.
Изохоралық процесс - берiлген газдың көлемi тұрақты болғанда жүретiн процесс.
Адиабаталық процесс - жүйе мен оны қоршаған сыртқы ортаның арасында ешқандай жылу энергиясының алмасуы болмайтын процесс.
Идеал жылу машинасында, қыздырғыштан алынатын әр килоджоуль энергия есебінен, 300 Дж жұмыс атқарылады. Егер тоңазытқыш температурасы 280 К болса, машинаның ПӘК-і және қыздырғыштың температурасы
Қуаты 55 кВт болатын «Волга» автокөлігі 1 кВт·сағ-қа 0,31 кг бензин жұмсаса, оның қозғалтқышының ПӘК-і (qб=4,6·107 Дж/кг)
Қыздырғыштың температурасы 390 К, суытқыштың температурасы 300 К. Жұмыстық дене 1 с-та қыздырғыштан 6·107 Дж жылу алып отырса жылу қозғалтқышының ПӘК-і және қыздырғыштың қуаты