Термохимия реакцияның жылу эффектісін зерттейтін физикалық химияның саласы


Реакцияның жылдамдық тұрақтысы, молекулалығы және реті



бет14/15
Дата19.05.2023
өлшемі136,16 Kb.
#95383
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
1-13 (копия)

25. Реакцияның жылдамдық тұрақтысы, молекулалығы және реті.
Жекеленген элементарлы реакцияларды сипаттау үшін молекулалық дейтін түсінік пайдаланылады. 
Химиялық реакциялардың молекулалығы элементарлы актідегі бір сәтте өзара әрекеттесетін жеке бөлшектер санымен анықталады.
Өте қарапайым, бір сатылы ғана реакциялардың молекулалығы осы реакцияны өрнектейтін стехиометрлік теңдеудегі молекула санымен анықталады. 
Егер реакция көп сатылы жүрсе, онда осы әр сатыға арналған молекулалықты тауып, жеке сипаттайды. 
Химиялық реакцияларды бір (моно), екі (би), үш және көп (поли) молекулалық реакциялар деп бөледі. 
Бір молекулалық (мономолекулалық) реакцияларға молекулалардың іштен қайта топтасу арқылы жүретін изомерлену реакциясы, жылу әсерінен ыдырайтын және осы тектес реакциялар мысал болады:
H3CN2CH3→C2H6+N2—азометан молекуласынын. ыдырауы;
Н3СОСН3→СН4 + Н2 + СО —қос метилді эфирдің ыдырауы;
Екі молекулалық (бимолекулалык) реакциялардың мысалы:
Н2+I2 →2HI
H3CCOOH+C2H5OH→CH3COOC2H5+H2O
Үш молекулалық реакциялардың саны аса көп емес. Олар:
2NО + Н2→N2О + Н2О;
2NО + О2→2NО2
Бұдан көп молекулалық реакциялар белгісіз, себебі бір сәтте, бірден төрт не бес молекуланың қақтығысып, әрекеттесуі қиын, мүмкін емес.
Химиялық реакциялардағы реттілік молекулалықпен салыстырғанда реакция механизмін көрсете бермейді. Әйтсе де реакциялардың реттілігін білу арқылы жүріп жатқан процестің механизмін болжап, оған енетін аралық кіші процестер мен сатылай жүретін реакцияларды анықтауға болады. Егер болжаған реттілік тәжірибе негізінде есептелген реттілікке сәйкес келмесе, онда болжамның дұрыс болмағаны. Шын мәніндегі механизм мен реттілікті анықтау үшін қосымша зерттеулер мен деректер қажет екен.
Реакциялардың реттілігі оның молекулалығына тең не одан кем болуы мүмкін. Сол сияқты реакция реттілігі тек бүтін сан емес бөлшек, тіпті теріс сан да болуы мүмкін. Мысалы, фосгеннің 80°С мен 180°С аралығында ыдырауын әуелі химиялық, сосын кинетикалык теңдеумен жазсақ: 
Ал, сутек пен бромның әрекеттесуі мен кинетикалық теңдеуі күрделірек:
Н2 + Вг2 → 2НВг 
Кинетикалық теңдеу өте күрделі механизм бойынша жүретін химиялық реакциялардағы элементар әрекеттесулердің тек соңғы нәтижесін ғана көрсетеді. Сондықтан күрделі реакциялардағы теңдеуді сипаттап, теңестіретін коэффициенттердің реакция реттілігіне ешбір қатынасы болмайды. Концентрация өзгерісі үлкен болса, теңдеудегі коэффициенттерді табу қиындайды. Реагенттер концентрациясы азайған сайын реттілік те өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет