Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы


Күзет сигнализациясы жүйесіне қойылатын талаптар



бет2/3
Дата17.02.2023
өлшемі20,67 Kb.
#68910
1   2   3
Байланысты:
УТО2401201809350326012018153503

Күзет сигнализациясы жүйесіне қойылатын талаптар

68. Күзет сигнализациясы жүйелері санкциясыз кіру туралы хабарлауы тиіс.


69. Күзет сигнализациясы жүйелері негізгіден резервтікке және кері электрмен қоректендіру көздерін қайта қосу кезінде жалған дабылдар бермеуі тиіс.
70. Күзет сигнализациясы жүйелері оларды басқаруға санкциясыз енуден қорғалады.


Кіруді бақылау және басқару жүйесіне
қойылатын талаптар

71. Кіруді бақылау және басқару жүйесі объектiлердегi өткізу және объектiшiлiк режимдi ұйымдастыруды қамтамасыз етуi және объектiнi кірудің негiзгi үш аймағына бөлудi көздеуi тиiс:


1) бірінші аймақ – персоналдың, келушілердің кіруі шектелмеген ғимараттар, аумақтар, үй-жайлар;
2) екінші аймақ – кіру персоналдың шектелген құрамына, сондай-ақ бір реттік рұқсат қағаздары бойынша немесе объект персоналы ілесіп жүретін келушілерге рұқсат етілген үй-жайлар;
3) үшінші аймақ – қатаң түрде белгіленген қызметкерлер мен басшылардың кіруіне болатын объектінің арнайы үй-жайлары.
72. Кіруді бақылау және басқару жүйесі екінші және үшінші аймақтағы кіру шектелген үй-жайларға санкциясыз кіруді болдырмауды қамтамасыз етеді.
73. Кіруді бақылау және басқару жүйесі сәйкестендіру белгілерін іріктеу немесе таңдау арқылы манипуляциядан қорғалуы, ал конструкциясы сыртқы пішіні мен құрама бөлшектеріндегі жазбалар қолданылатын кодтардың әшкереленуіне әкеп соқтырмауы тиіс.


Телевизиялық бейнебақылау жүйесіне қойылатын талаптар

74. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі көрнекі ақпаратты күзет бөлімшесінің арнайы бөлінген үй-жайында (болған жағдайда) не болмаса орталықтандырылған күзет пунктінде орналасқан техникалық құралға немесе жинауға, өңдеуге, көрсетуге және тіркеуге арналған техникалық құрал жиынтығына берудi қамтамасыз етуi тиiс.


Ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 30 тәулікті құрауы тиіс.
75. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі күзетiлетiн аймақтардағы (аумақтағы, үй-жайлардағы) ахуалғабақылау жүргізуге, сондай-ақ санкциясыз ену фактісін көзбен шолып растауға, ахуалды бағалауға және құқық бұзушыларды сәйкестендiруге мүмкіндік береді.
76. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі автоматтандырылған режимдегi жұмысты қамтамасыз етуі тиіс.
77. Жекелеген ғимаратта (ғимараттар кешенінде) орналасқан объектiдегi телевизиялық бейнебақылау жүйесімен:
1) объектіге іргелес жатқан аумақтың периметрi;
2) бақылау-өткiзу пункттерi (бар болса);
3) тексеріпқарау үй-жайлары (бөлмелері) және көлiктi тексеріпқарау аймағы (бар болса);
4) бас және қосалқы кіру есіктері;
5) адамдар көп жиналатын үй-жайлар (орындар) жабдықталуы тиіс.
Ғимараттың бір бөлігінде орналасқан объектідегі телевизиялық бейнебақылау жүйесімен:
1) адамдар көп жиналатын үй-жайларды (орындарды);
2) бас және қосалқы кіру есіктерін (бар болса) жабдықтау қажет.
78. Егер күзетілетін аймақтағы жарықтандыру телекамералардың сезімталдығынан төмен болса, тәуліктің қараңғы уақытында көрінетін немесе инфрақызыл жарық диапазонының күзеттік жарықтандырылуы қосылуы тиіс. Күзетілетін жарықтандыру аймақтары телекамералардың шолу аймағымен сәйкес келуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет