25.01.2018 ЭҚАБЖ МО (7.21.2 нұсқасы) Электрондық құжаттың көшірмесі. ЭЦҚ-ны тексерудің нәтижесі оң.
24.01.2018-ғы № 02-16/70 шығыс хаты 24.01.2018-ғы № 444 кіріс хаты
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар туралы ЖАДЫНАМА Мақсаты: Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына қоғамның және бизнес-қауымдастықтың оң көзқарастарын, сондай-ақ объект басшыларының (орта және ірі бизнес) әр түрлі меншік формаларындағы объектілердің қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I Заңына сәйкес Террористік тұрғыдан осал объектілер – аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер және олардың тізбесін және оларға қойылатын тиісті талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды; Аталған заңға сәйкес, адамдар көп жиналатын объектілер – сауда алаңы 500 және одан да көп шаршы метр болатын сауда объектілері, 100 және одан да көп отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері; көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, концерт залдары, спорт, ойын-сауық, көлік және өзге де көпшілік ғимараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары болып табылады.
Заңның 10-3-бабына сәйкесменшік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары террористік әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілерді терроризмге қарсы қорғау және олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау мақсатында:
1) тиісті өткізу режимін, объектілерге қойылатын қойылатын талаптарға сәйкес оларды қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз ету; 2) үлгілік паспорттың негізінде – өздеріне сеніп тапсырылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеу; 3) персоналды үй-жайларды қарап тексеру техникасына үйрету, жарғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу; 4) жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау мен пысықтау; 5) объектінің ақпараттық желілерін қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің көрсетілген міндеттерді орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. 23-2-бапқа сәйкес: 1. Меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының осы Заңның 10-3-бабында белгіленген іс-шараларды сақтауына тексерулерді Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жылына кемінде бір рет жүргізеді. 2. Тексеруді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірлеген және бекіткен тексеру парағына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүргізеді.
Тексеру парағы оларды сақтамау жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіруге әкеп соғатын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне қойылатын талаптардың толық тізбесін қамтиды.
3. Тексеру тағайындау туралы акт негізінде тексеру жүргізіледі. Террористік тұрғыдан осал объектілерге тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары:
1) тексеру тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлікті;
3) тексеру парағын көрсетуге міндетті.
4. Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс.
5. Тексеру тағайындау туралы актіні тексерілетін адамға табыс еткен кез тексеру жүргізудің басталған кезі деп саналады.
6. Тексеруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы ішкі істер органының қызметкері тексеру нәтижелері бойынша екі данада тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
7. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, тексерілетін адам оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізу нәтижелері туралы актіге қоса берілуі мүмкін, бұл туралы тиісті белгі жасалады.
8. Тексерілетін адамның қолындағы түпнұсқадағы құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшаларының көшірмелерімен бірге тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану және басқа да іс-қимылдар үшін тексерілетін адамға не оның уәкілетті өкіліне табыс етіледі.
9. Тексеру жүргізу кезінде бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
10. Тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің аяқталған мерзімінен кешіктірмей тексеру нәтижелері туралы актіні меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектінің басшысына немесе өзге де лауазымды адамына табыс еткен күн тексеру аяқталған күн болып саналады.
Тексеру нәтижелері бойынша осы Заңда белгіленген іс-шараларды және оны іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын бұзушылық (орындамау) анықталған жағдайларда, меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектінің басшысына немесе өзге де лауазымды адамына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама он жұмыс күні ішінде табыс етіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «3 наурыздағы» № 191 қаулысына сәйкес адамдар көп жиналатын объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын Талаптар
Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне енгізілген террористік тұрғыдан осал әрбір объектінің осы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – талаптар) сәйкес терроризмге қарсы қорғалу жүйесі болуы тиіс.
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесін (бұдан әрі – жүйе) құру мақсаты олардың террористік қауіп-қатердің әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
65. 1-қосымшаға енгізілген адамдар көп жиналатын объектілер міндетті түрде телевизиялық бейнебақылау жүйесімен жабдықталады. 66. 2-қосымшаға енгізілген адамдар көп жиналатын объектілер міндетті түрде күзет сигнализациясы жүйесімен және құралдарымен, кіруді бақылау және басқару жүйесімен (бірінші аймақты қоспағанда), хабардар ету жүйесімен және құралдарымен, телевизиялық бейнебақылау жүйесімен жарақталады. 67. Адамдар көп жиналатын барлық объектілерде белгіленген тәртіппен сертификаттау органдарында, сынақ зертханаларында (орталықтарында) сертификаттаудан өткен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімінде аккредиттелген және тіркелген жүйелер мен техникалық құралдар орнатылады.