9. ҚР Конституциясының 17-бабы не туралы? (Адамның қадір-қасиетіне
қол сұғылмайды)
10. 17-желтоқсан қандай күн? (Демографиялық жаңару күні)
«Ақиқат» тобының сұрақтары:
1. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады? (1991жылы 16-желтоқсан)
2. ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 жылы 15-
қараша)
3. ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заң қай жылы
қабылданды? (1992 жыл 4-маусым)
4. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
5. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы
20-қараша)
6. Конституцияның бөлімі ретінде Преамбула білдіреді? (Кіріспе бөлімді)
7. ҚР жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы 2-қаңтар)
8. Еліміздегі мемлекеттік тіл? (Қазақ тілі)
9. ҚР Конституциясының 15-бабында не туралы айтылған? (Әркімнің
өмір сүруге
құқығы бар)
10. Қос азаматтық қалай аталады? (Бипатрид)
ІІІ бөлім «Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)
«Әділет»
тобына
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ақырын жүріп... (анық бас)
4. Асыл тастан ... (өнер жастан)
5. Тура биде ... (туған жоқ)
«Ақиқат» тобына
1. Ұрлық түбі ... (қорлық)
2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
3. Әдепті бала ... (арлы бала)
4. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
5. Әділ істің ... (арты игі)
ІҮ. бөлім «Адасқан әріптерді орналастыр» (термин сөздер)
«Әділет» тобына
1. ЕКОНЮС – БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы
2. АТКРДЕИЯМО – халық еркі немесе билігі
3. ЕНТЕЗПРИДЕ – мемлекет
басшысы
«Ақиқат» тобына
1. УАТРА – айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім
2. АТТӨЛЖҰҚ – азаматтықты куәландыратын құжат
3. РПАЕЛМАНТ – заң шығарушы орган
Ү. Бөлім Суретті баптар
(әр топқа мақал беріледі, мағынасын қарап, Конституция бойынша
баптарға келтіріп, оқушылар соны суреттеп көрсету керек)
«Әділет» тобына
1. «Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың көзін табады» Ы. Алтынсарин (26 бап, 4-тармағы)
«Ақиқат» тобына
1.«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім» М.
Әуезов (30-бап)
ҮІ. бөлім «Ой талқы»
(Берілген сұраққа әр
топ ой-тұжырымдарын білдіреді, уақыт 3 минут)
«Әділет» тобына
Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?
«Ақиқат» тобына
Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу
керек?
ҮІІ. бөлім Қорытынды
(әділқазы алқасының қорытындысы, жеңімпаз топты марапаттау)
Достарыңызбен бөлісу: