жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. 2. Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі: «Адал сол – таза еңбекпен күнін көріп,
жаны үшін адамшылық ар сатпайды» деген Шәкәрім Құдайбердиевтің
ойы.
Осы дәйексөзді қалай түсінесіздер?
Бұл – адал еңбек ету, адал өмір сүру деген мағынаны береді. 3. Енді осы дәйексөзімізді тереңірек түсіну үшін Қазақстанның 50
алдыңғы қатарлы бизнесмендерінің қатарына кіретін меценант, халықтың
жанашыры, қазақ миллионері Бауыржан Оспанов туралы бейнебаянды
тамашалаңыздар.
4. Бейнебаянды қарап болсақ, талқылайық.
1.
Б.Оспановтың бойынан қандай қасиеттерді аңғардыңыздар?
2.
Басты кейіпкер Б.Оспановты жетістікке жетелеген қандай
құндылықтары мен қасиеттері деп ойлайсыздар?
3.
Өзіңіз миллионер болсаңыз, қаражатыңызды кімге, неге жұмсар едіңіз?
Неліктен?
Осы бейнебаянды және сұхбатын интернеттен толық нұсқасын оқып,
қарауға болады.
5. Үй тапсырмасы. «Адал еңбек иесі» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіңіздер.
Өздеріңіз білетін еңбек адамдарымен сұхбаттасып, олар (ата-аналарыңыз,
туысқандарыңыз, ұстаздарыңыз, таныстарыңыз, достарыңыз, белгілі
адамдар және т.б.) туралы слайд әзірлеңіздер.
Қоры тынды 10 мин Бүгінгі сабағымызда адал еңбек ету адамды қандай игіліктерге
жеткізетінін өздеріңізбен бірге жауап іздедік деп ойлаймын.
Өмірдің мәні қалаған ісіңді істеу емес, сол істеген ісіңді зор махаббатпен,
адалдықпен атқару екенін ұғынғандаймыз.
Сабағымыздың соңында Жүсіп Баласағұнидің «Түгел алғың келсе өмірдің
ырысын, таза болсын сөзің, ойың, әр ісің» деген сөзімен аяқтағым келеді.