- Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға
дейін жеткізбеңіз.
- Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
- Қоршау
белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
- Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың
үстіне шығушы болмаңыздар.
II. Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық
суларда шомылудың қауіптері
Өзендер мен көлдерде, тоғандарда,
тоқтау сулар мен шалшық
суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың
қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба
4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.
III. Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз
Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.
- егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай
жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.
- Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды
түйіңіз, қолыңызды бір
жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды
ашыңыз.
- Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың
басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз,
немесе
аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз.
Содан соң балтырыңызды сылаңыз.
- Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға
шығыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: