Тәртібін анықтайды. Олимпиаданың негізгі мақсаты: М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы


III. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата20.06.2023
өлшемі34,04 Kb.
#102650
1   2   3
Байланысты:
Абайтану ережесі (1)

III. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі 
Олимпиадаға қазақ тілінде білім беретін облыстық кезеңнің жеңімпаздары 
атанған жалпы білім беретін ұйымдардың 9-11-сынып оқушылары қатысады. 
Олимпиада 3 кезеңде өткізіледі: 
1-кезең – аудандық (қалалық) – аудандық және қалалық білім бөлімдерінде 
білім басқармасының тиісті органдары дайындаған тапсырмалар бойынша 
өткізіледі; 
2-кезең – облыстық – облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық 
білім басқармалары мен РББҰ «Назарбаев зияткерлік мектептері», республикалық 
білім беру ұйымдары, желілік «Абай мектептерінде» республикалық Ғылыми-
әдістемелік кеңес дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі; 
3-кезең – республикалық – республикалық Ғылыми-әдістемелік кеңес 
дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі. 
Олимпиаданың үшінші кезеңіне екінші кезеңнің жеңімпаздары қатысады. 
Ескерту: әр облыстан желілік «Абай мектептері» облыстық іріктеуге 
қатыспай, 2-кезең – мектептерінде өз мектепішілік іріктеу өткізеді. Мектепішілік 
іріктеудің жеңімпазы тікелей Республикалық кезеңге жолдама алады. 


Олимпиада екі айналымнан тұрады. Бір оқушы екі айналымға 
да қатысады. 
1-айналым 
– 
қатысушы 
Абай 
қарасөздері 
мен 
поэзиясы 
негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазады (3 сағат); 
2-айналымда: 
1) М.Әуезовтің “Абай жолы” романы бойынша: 
а) Қатысушы М.Әуезовтің “Абай жолы” романынан берілген үзіндінің қай тарау, 
бөлімнен алынғанын айтып, мазмұнын жалғастырады; 
ә) Роман мазмұнынан “сократтық” сұрақтар беріліп, логикалық деңгейі 
тексеріледі. 
2) Абай шығармашылығы бойынша дайындалған тапсырмаларға жауап береді: 
а) Өлеңнің адам өміріндегі орнын Абай өлеңдерімен дәлелдейді; 
ә) Өлең жазудағы ақынның мақсатын Абай өлеңдерімен дәлелдейді. 
3) Абай поэзиясын қалай меңгергендігін байқау: 
а) Абай өлеңдерінің құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды; 
ә) Абайдың қазақ поэзиясына қосқан жаңалығын дәлелдейді. 
4) Абай іліміне оқушы өз көзқарасын білдіреді. Мысалы: 
а) Абай айтқан “бес асыл іс” бүгінгі күнде өзекті ме? 
ә) Абай халқына қандай жол ұсынды? 
5) Абайтанушылар жайлы жалпы білімін көрсетеді. 
6) М. Әуезовтің “Абай жолы” романынан алынған сөйлемге кешенді талдау жасау 
арқылы грамматикалық сауаттылығы анықталады. 
Жұмыстарды бағалауда неғұрлым объективтілікті қамтамасыз ету үшін 
Олимпиаданың барлық қатысушыларымен тапсырмаларды талқылау жүргізіледі. 
Тапсырмаларды талқылағаннан кейін, қатысушылардың тілегі бойынша, 
жұмыстарды үйлестіру өткізіледі. 
Қатысушылардың жетекшілері Олимпиаданың өткізу уақытында, келген 
сәттен бастап өтетін орынға дейін, оны өткізу мерзімі және кейін тұрғылықты 
орнына жеткізілгенге дейін қатысушылар үшін толық жауапты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет